13) ерікті зейнетақы жарналары туралы;
14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері
туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жұмыскердің
қаражаты жеткіліксіз
болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен
ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту
жөніндегі
іс-шаралар туралы;
17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы;
18) тараптар айқындаған және осы Кодексте айқындалған басқа да мәселелер бойынша
жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
3. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық,
өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай
ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: