Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ



Pdf көрінісі
бет136/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 
   159-бап. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі 
      1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының 
басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген 
мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.
 
      2. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-
тең негізде ұйымдарда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс 
істейтін орган болып табылады. 
 
      3. Келісу комиссиясы мүшелерінің сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі, келісу 
комиссиясы шешімінің мазмұны мен оны қабылдау тәртібі, келісу комиссиясы өкілеттігінің 
мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің 
арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді. 
 
      4. Келісу комиссиясына келіп түскен өтінішті көрсетілген комиссия берілген күні 
міндетті түрде тіркеуге тиіс.
 
      Дау өтініш берушінің және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық 
актілеріне сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен 


қаралады.
 
      5. Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде 
қарауға және дау тараптарына шешімнің көшірмесін оны қабылдаған күннен бастап үш күн 
мерзімде беруге міндетті.
 
      6. Келісу комиссиясының шешімі, жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, онда 
белгіленген мерзімде орындалуға тиіс.
 
      7. Келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, 
жұмыскер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы. 
 
      8. Келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және 
еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуге міндетті.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет