77-бап. Үстеме жұмыс 1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға
тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
2. Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:
1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе
өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды
жүргізу кезінде;
2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен
жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс
істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;
3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда,
басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;
4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек
күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.
3. Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер:
1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;