82-бап. Ауысымішілік және арнайы үзілістер 1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде жұмыскерлерге өндіріс пен еңбек технологиясына
және оларды ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер
беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістердің ұзақтығы мен оларды берудің тәртібі
ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.
2. Жылдың суық немесе ыстық мезгілінде ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда
жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін жұмыскерлерге жылыну не
салқындау және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнайы үзілістер беріледі. Жұмыс
беруші жұмыскерлердің жылынуына, салқындауына және тынығуына арналған үй-жайлардың
жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі
балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы (балаларды)
тамақтандыру үшін жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:
1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын
қосымша үзілістер беріледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жұмыскердің өтініші бойынша баланы
(балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған
үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе
аяғында беріледі.
5. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы
сақталады.