Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және



Pdf көрінісі
бет74/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   92-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және 
оларды беру тәртібі 
      1. Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы 
төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында 
беріледі.
 
      2. Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он 
екі айды құрайды.
 
      3. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің 
арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы 
төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс 
ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.
 
      4. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу – ол басталғанға дейінгі үш жұмыс 
күнінен кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыстар кестесінен тыс берілген жағдайда, ол 
берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
 
      5. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге 
жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде 
беріледі.
 
      Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін 
еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс 
беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын 
құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.
 
      6. Демалыс беру, ауыстыру не жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері 
шақыртып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет