белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
3. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері
беріледі:
1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.
4. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей
білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда
жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
5. Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап
алуға
байланысты демалыс;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын
демалыс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста
болған кезең еңбек өтіліне есептеледі.
6. Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: