97-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс 1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған
жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы
келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелгенде;
2) бала туылғанда;
3) жақын туыстары қайтыс болғанда;
4) еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы
негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.