3. Осы бапта белгіленген еңбекке ақы төлеу талаптары ауыр жұмыстардағы, еңбек
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардағы еңбегі өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге ұсынылады.
Жұмыс беруші өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ
аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды жүргізбеген жағдайда, ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін
жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың
тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың
тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: