103-бап. Жалақының мөлшері 1. Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын
жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай
сараланып белгіленеді. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді.
Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында
есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
2. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек
нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының
заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.