115-бап. Жалақыдан ұстап қалулар 1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі.
2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның
жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып:
1) іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын
құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды
өтеу үшін;
2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс
берушіге еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге
пропорционалды түрде өтеуді көздейтін жағдайларда;
3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
4) осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек
демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында;
5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші
актісінің негізінде жүргізілуі мүмкін.
3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда,
ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға
тиіс.