Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі
(2013.04.07. берілген (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
) (2013.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)Қазақстан Республикасының ЗаңДАР ЖИНАҒЫНЫҢ IV ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін қараҢЫЗОсы кодексті қолданысқа енгізу туралы 2001.30.01. № 156-II ҚР Заңын қараңызОсы кодекске өзгерістер енгізу туралы:ҚР 2012 ж. 4 шілдедегі № 25-V Заңы (күшіне енетін мерзімін қараңыз)ҚР 2013 ж. 21 маусымдағы № 106-V Заңы (күшіне енетін мерзімін қараңыз)ҚР 2013 ж. 4 шілдедегі № 130-V Заңы (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі)2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен мазмұнымен толықтырылды; 2011.11.10. № 484-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «әскери комиссариатқа», «әскери комиссариаттың» деген сөздер тиісінше «жергілікті әскери басқару органына», «жергілікті әскери басқару органының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара)
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар
1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысын қара
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi
Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.
2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi жергiлiктi өкiлдi органдардың белгiлеуi жөніндегі өкiлеттiгi
1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң 281-1, 300, 310, 311, 387-баптарымен әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi белгiлей алады.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдардың уақыт жағынан қолданылуы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негiзiнде жауаптылықта болуға тиiс.
2. Осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың туындаған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт болып танылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның керi күшi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жоятын немесе жұмсартатын заңның кері күші болады, яғни осы заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған құқық бұзушылыққа қолданылады.
2. Заңның әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты белгiлейтiн немесе күшейтетiн немесе құқық бұзушылық жасаған адамның жағдайын өзге түрде нашарлататын керi күшi болмайды.
2-тарау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері
7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың мiндеттерi - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншiктi, қоғамдық тәртiп пен қауiпсіздiктi, мемлекеттік билiктi жүзеге асырудың белгiленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.
2. Осы мiндеттi жүзеге асыру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар әкiмшiлiк жауаптылықтың негiздерi мен принциптерiн белгiлейдi, қандай әрекеттердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшiн қолданылатын жазалардың түрлерiн, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкiмшiлiк жаза және қандай тәртiппен қолдануы мүмкiн екенiн айқындайды.
8-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді
9-бап. Заңдылық
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, және оны жасағаны үшiн қолданылатын әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары тек осы Кодекспен белгiленедi. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен басқа жағдайларда, ешкiм де әкiмшiлiк жазаға, әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына ұшыратылуға тиiс емес.
2. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында аталған өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгiленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
3. Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық Кеңестiң шешiмiн алған соң iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
Соттардың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды.
4. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және заңмен белгiленген жауаптылыққа, қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп соғады.
10-бап. Сот құзыретiнiң ерекшелiгi
1. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шегi, оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi жүзеге асыру тәртібі заңмен белгiленедi және өз бетінше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және орындалуға жатпайды. Кiмнiң болса да соттың билiктiк өкiлеттiгiн иемденуi заңмен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, өзiнiң қарауына жатпайтын iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырып, өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы принциптердi өзгеше түрде бұзған соттың шешiмдерi заңсыз және күшi жойылуға тиiс.
3. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі шешiмдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттарда ғана тексерiлуi және қайта қаралуы мүмкiн.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11-бап. Адамдардың заң алдында теңдiгi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдар заң алдында тең және тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, сенімiне, жынысына, тіліне, дiнге көзқарасына және iстейтiн жұмысының сипатына, тұратын жерiне, қоғамдық бірлестiктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
12-бап. Кiнәсіздiк презумпциясы
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған жеке адам өз кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденбейiнше және өз өкiлеттiгi шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленбейiнше, кiнәсіз деп есептеледi.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсіздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күдiктер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адамның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезiнде туындайтын күдiктер де оның пайдасына шешiлуге тиiс.
13-бап. Кiнә принципi
1. Жеке адам тек кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс. Жеке адамның кiнәсіздiктен келтiрген залалы үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмейдi.
2. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауда кiнәлi деп танылады.
2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Қайтадан әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жол берiлмеушiлiк
Бір құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де екi рет әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.
15-бап. Iзгiлiк принципi
1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары адамның қауiпсіздiгiн қамтамасыз етедi.
2. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданғанда адам жанын күйзелтудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды жазалау мақсаты етiп қоюға болмайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Жеке басқа қол сұқпаушылық
1. Ешкiмдi де осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте әкiмшiлiк ұстауға, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке адамның заттарын тексеруге болмайды.
2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкiмшiлiк жазалау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылуы мүмкiн.
3. Әрбір ұсталған, iшкi iстер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келiнген, жеткiзiлген адамға ұстаудың, алып келудiң, жеткізудiң негiздерi, сондай-ақ оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу хабарланады.
4. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып келiнген, жеткiзiлген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзiмнен артық қамауда отырған адамды дереу босатуға мiндеттi.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-зомбылық, қатыгездiк немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын әрекетке ұшыратуға болмайды.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде адамның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын iс-әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.
7. Өзiне қатысты әкiмшiлiк жаза шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкiмшiлiк ұстауға ұшыраған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiн болдырмайтын жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
8. Заңсыз қамауға алудың, өмiрi мен денсаулығына қатерлi жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтiрiлген залал заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
17-бап. Жеке бастың ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу кезiнде iске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сол сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтiн жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiмен адамға келтiрiлген моральдық залал заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық
Жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
19-бап. Меншiкке қол сұқпаушылық
1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де сот шешiмiнсіз өз мүлкiнен айыруға болмайды.
2. Мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын кеменi ұстау; көлiк құралдарын, шағын кемелердi тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерiп қарау тек осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
20-бап. Судьялардың тәуелсіздiгi
1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады.
2. Судьялар мен соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өздерiне бөгде ықпал болмайтын жағдайларда шешедi. Соттардың сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне қандай да болмасын араласушылыққа жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судья тәуелсіздiгiнiң кепiлдiктерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Достарыңызбен бөлісу: |