Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 87-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 87-1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзу
Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен 87-2-баппен толықтырылды; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 87-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
87-2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке бағалау жүргізудің және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде бұзу,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер,-
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 87-3-баппен толықтырылды
87-3-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру
Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 87-4-баппен толықтырылды
87-4-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу
Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларының немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы-
айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен 87-5-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
87-5-бап. Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді жария етуі
Медиацияға қатысушылардың медиацияны жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың рұқсатынсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 88-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 88-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 88-бап өзгертілді
88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу тәртібін, зейнетақы төлемдерін, аударымдарын және алып қоюларын жүзеге асыру мерзімдерін бұзуы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты көрсетілген салымшылар туралы анық емес мәліметтерді табыс етуі, -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-2. Осы баптың 1-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөніндегі мiндеттерiн орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұза отырып, мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Үшінші бөліктің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңының редакциясында берілген (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуі, ұстамауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуі (аудармауы);
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы,-
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 88-бап бесінші бөлікпен толықтырылды
5. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агенттердің - заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын өндіріп алуы жөніндегі инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы - лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының - бес процент мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алтыншы бөлік жаңа редакцияда (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнгi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен жетінші бөлік жаңа редакцияда (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
7. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген талаптарға, оның мазмұнына сәйкес келмеуі -
лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңының редакциясында берілген (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ескерту. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
ҚР 08.04.04 ж. № 542-II Заңымен 88-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 88-1-бап өзгертілді
88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның:
әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы;
әлеуметтiк аударымдарды төлемеуі (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -
дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының отыз пайызы мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;
әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасы әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын заңға сәйкес белгiленетiн бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 89- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу
1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
90-бап. Ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келiссөздерге қатысудан жалтару
Ұжымдық шартты, келісімдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -
келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
91-бап. Ұжымдық шарт, келісім жасасудан негiзсіз бас тарту
Ұжымдық шарт, келісім жасасудан негiзсіз бас тарту, -
ұжымдық шарт, келісім жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-бап. Ұжымдық шартты, келісімдi орындамау немесе бұзу
Ұжымдық шарт, келісім бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -
ұжымдық шарт, келісім бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
93-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келісімдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу
Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келісімдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -
ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |