Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет70/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
6-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ТАРАТУ
35-бап
. Тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру
1. Тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару) 
жалпы жиналыстың шешiмi бойынша ерiктi түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. Тұтыну 
кооперативi мүшелерiнiң құрамын үлестен айыру немесе өзге де өзгерту тұтыну 
кооперативiн қайта ұйымдастыру болып табылмайды.
2. 3аң актілерінде белгiленген жағдайларда тұтыну кооперативiн оны бөлу немесе 
оның құрамынан бiр немесе бiрнеше тұтыну кооперативiн бөлiп шығару нысанында 
мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру сот шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Тұтыну кооперативiн заңды тұлғалардың басқа түрлерi мен нысандарында қайта 
құруға болмайды. 
36-бап
. Тұтыну кооперативтерiнiң қосылуы, бiрiгуi
1. Екi немесе бiрнеше тұтыну кооперативiнiң қосылуы олардың мүлкiн толық 
бiрiктiру жолымен жүзеге асырылады. Қосылу нәтижесінде жаңа тұтыну кооперативi 
пайда болады, ал қосылған тұтыну кооперативтерi өз қызметiн тоқтатады. Бұл орайда 
тұтыну кооперативтерiнiң қосылуына әрбiр қатысушының барлық құқықтары мен 
мiндеттерi өткізу актiсiне сәйкес жаңадан пайда болған тұтыну кооперативiне ауысады.
2. Бiр немесе бiрнеше тұтыну кооперативiнiң басқа тұтыну кооперативiне бiрiгуi 
бiрiгетiн тұтыну кооперативi мүлкiнiң бiрiктiрушi тұтыну кооперативтерiнiң мүлкiне 
енгiзiлуi жолымен жүзеге асырылады. Бұл орайда бiрiгетiн кооперативтер өз қызметiн 
тоқтатады, ал олардың барлық құқықтары мен мiндеттерi өткізу актiсiне сәйкес 
бiрiктiрушi тұтыну кооперативiне ауысады, оның жарғысына қайта ұйымдастыруға 
байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгiзiледi.
3. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы тұтыну кооперативтерiнiң атқарушы органдары 
қосылу, бiрiгу туралы шарттың жобасын әзiрлейдi және әрбiр тұтыну кооперативiнiң 
жалпы жиналысының қарауына қосылу, бiрiгу жөніндегі және қосылу, бiрiгу туралы 
шартты бекіту жөніндегі мәселелердi енгiзедi.
Қосылу, бiрiгу туралы шарттың келісілген мәтiнiне тұтыну кооперативiнiң атқарушы 
органдары уәкiлдiк берген адамдар қол қояды.
Қосылу, бiрiгу туралы шартта қосылуға, бiрiгуге қатысушы әрбiр тұтыну 
кооперативтерiнiң фирмалық атауы орналасқан жерi мен мекен-жайы туралы мәлiметтер, 


олардың баланстарының негiзгi деректерi болуға, сондай-ақ қосылудың, бiрiгудiң тәртібі 
мен талаптары көзделуге тиiс.
4. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы тұтыну кооперативiнiң әрқайсысы жалпы жиналыс 
қосылу, бiрiгу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде өздерiнiң барлық 
кредиторларына қосылу, бiрiгу туралы жазбаша хабарлама жiберуге және ресми баспасөз 
органдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға (хабарландыруға) осы 
баптың 3-тармағында аталған қосылуға, бiрiгуге қатысатын басқа да тұтыну 
кооперативтерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
Тұтыну кооперативiнiң кредиторлары хабарлама алынғаннан немесе хабарландыру 
жарияланғаннан кейiн екi ай мерзiмде тұтыну кооперативiнен не жұмысын мерзiмiнен 
бұрын тоқтатуына немесе тұтыну кооперативiнiң тиiстi мiндеттемелерiн орындауына 
және шығындардың орны толтырылуына қосымша кепілдіктер талап етуге құқылы. 
Талаптар тұтыну кооперативіне жазбаша нысанда жiберiледi.
5. Қосылуға, бiрiгуге қатысушы тұтыну кооперативiнiң әрқайсысы жалпы 
жиналыстың қосылу, бiрiгу туралы шешiмi қабылданған кезден бастап, бұл шешiм туралы 
кредиторларға шешiм қабылданғаннан кейiн туындайтын мiндеттемелер жөнiнде 
хабарлауға мiндеттi.
Тұтыну кооперативтерiнiң қосылу, бiрігу туралы шарты негiзiнде қосылушы, бiрiгушi 
тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi жалпы жиналыста жаңадан құрылатын тұтыну 
кооперативiнiң жарғысын қабылдайды және атқарушы, бақылаушы және өзге де 
органдарын сайлайды. 
37-бап
. Тұтыну кооперативiн бөлу, бөлiп шығару
1. Тұтыну кооперативiн бөлу осы тұтыну кооперативiнiң мүлкiн пайда болатын екi 
немесе бiрнеше тұтыну кооперативтерiнiң арасында бөлу жолымен жүзеге асырылады. 
Бұл орайда бөлiнетiн тұтыну кооперативiнiң құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына 
сәйкес жаңадан пайда болатын тұтыну кооперативтерiне ауысады.
2. Тұтыну кооперативiнен бiр немесе бiрнеше тұтыну кооперативтерiн бөлiп шығару 
тұтыну кооперативi мүлкiнiң бiр бөлiгiн бөлiп беру және оны жаңадан пайда болатын бiр 
немесе бiрнеше тұтыну кооперативiне беру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл орайда қайта ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң құқықтары мен 
мiндеттерiнiң бiр бөлiгi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болатын тұтыну 
кооперативiне ауысады.
3. Қайта ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы жаңадан пайда 
болатын тұтыну кооперативтерiнiң бөлiну, бөлiнiп шығу жоспары мен жарғыларының 
жобаларын әзiрлейдi және тұтыну кооперативiн бөлу, бөлiп шығару, жаңадан пайда 
болатын тұтыну кооперативтерiнiң бөлiну, бөлiнiп шығу жоспарын, жарғыларын және 
бөлiну балансын бекіту туралы, сондай-ақ жаңадан пайда болатын тұтыну 
кооперативтерiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарын сайлау туралы 
мәселелердi жалпы жиналыстың қарауына енгiзедi.
4. Егер тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оны бөлу, бөлiп 
шығару кезiнде тұтыну кооперативiнiң әрбiр мүшесi жаңадан пайда болатын тұтыну 
кооперативтерiнiң 
әрқайсысындағы 
тұтыну 
кооперативi 
мүлкіндегі 
қайта 
ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң мүлкіндегі өз үлесiне тең үлесiн алуға не 
жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi бiрiнiң мүлкiнен бiрыңғай үлес алуға 
құқылы.
5. Жалпы жиналыс бөлу, бөлiп шығару туралы шешiм қабылдаған кезден бастап, 
тұтыну кооперативi осы шешiм туралы шешiм қабылданғаннан кейiн туындайтын 
мiндеттемелер жөнiнде кредиторларға хабарлауға мiндеттi.
6. Тұтыну кооперативi жалпы жиналыс бөлу, бөлiп шығару туралы шешiм 
қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмде өзiнiң барлық кредиторларына бөлу, бөлiп 
шығару туралы жазбаша хабарлама жiберуге және ресми баспасөз органдарында тиiстi 


хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға (хабарландыруға) бөлу балансы, сондай-ақ 
жаңадан пайда болатын әрбiр тұтыну кооперативiнiң атауы, орналасқан жерi және мекен-
жайы туралы мәлiметтер қоса тiркеледi.
7. Қайта ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң кредиторлары хабарлама алған 
(хабарландыру жарияланған) күннен бастап екi ай мерзiмде тұтыну кооперативiнен 
жұмысын мерзiмiнен бұрын тоқтатуын немесе тиiстi мiндеттемесiн орындауын және 
шығынның орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талап тұтыну кооперативiне жазбаша 
нысанда жiберiледi.
8. Тұтыну кооперативiн бөлу, бөлiп шығару нәтижесiнде пайда болған тұтыну 
кооперативтерi жаңа тұтыну кооперативтерi тiркелген кезден бастап бiр жыл iшiнде оның 
мiндеттемелерi бойынша бiрлесiп жауапты болады. 
38-бап
. Тұтыну кооперативiн мәжбүрлеп бөлу, бөлiп шығару туралы сот шешiмiн 
орындамаудың зардаптары
1. Егер тұтыну кооперативiнiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезiнде сот шешiмi 
бойынша бөлудi, бөлiп шығаруды жүргiзуге уәкiлеттi атқарушы органы бөлудi, бөлiп 
шығаруды сот шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот тұтыну 
кооперативiнiң мүлкiне сенiмгерлiк басқарушы тағайындайды және оған қайта 
ұйымдастырылатын тұтыну кооперативiнiң бөлiнуiн, бөлiнiп шығарылуын соның мүлкi 
есебiнен жүзеге асыруды тапсырады.
2. Сенiмгерлiк басқарушы тағайындалған кезден бастап тұтыну кооперативiн басқару 
жөніндегі өкiлеттiк соған ауысады, тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және 
өзге де органдары өз қызметiн тоқтатады.
3. Сенiмгерлiк басқарушы сотта тұтыну кооперативiнiң атынан өкiл болады, бөлу 
балансын жасайды және оны тұтыну кооперативтерiнiң бөлу, бөлiп шығару нәтижесiнде 
туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекітуiне бередi. Аталған құжаттарды 
соттың бекітуi жаңадан пайда болатын тұтыну кооперативтерiн мемлекеттік тiркеу үшiн 
негiздеме болып табылады. 
39-бап
. Тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын заңды 
тұлғаларды мемлекеттік тiркеу
1. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын тұтыну кооперативiн мемлекеттік 
тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар 
мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұтыну кооперативтерi қосылған жағдайда мемлекеттік тіркеуді жаңадан пайда 
болатын тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi.
Тұтыну кооперативтерi бiрiккен жағдайда мемлекеттік тiркеудi бiрiктiрушi тұтыну 
кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi.
Тұтыну кооперативтерi бөлiнген, бөлiп шығарылған жағдайда мемлекеттік тiркеудi 
қайта ұйымдастырылушы тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган 
жүргiзедi. Бұл тiркеушi орган жаңа тұтыну кооперативтерiн мемлекеттік тiркеу 
мәлiметтерi туралы жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi орналасқан жердегi 
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлайды.
3. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын тұтыну кооперативiн мемлекеттік 
тiркеудi заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын орган кредиторларға 
тұтыну кооперативтерiн қайта ұйымдастыруды талап етiп арыз беру үшiн берiлген мерзiм 
өткен соң жүзеге асырады.
4. Егер бiр жыл iшiнде, тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыруға қатысушылардың 
соңғысының жалпы жиналысында қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылданған күннен 
бастап, мемлекеттік тiркеу туралы арыз берiлмеген болса не қажеттi дәлелдемелер табыс 
етiлмесе (осы баптың 3-тармағы), қайта ұйымдастыру жасалмаған болып есептеледi.
5. Қосылу және бөлiніп шығу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын 
қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысатын тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда 


болған тұтыну кооперативтерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады 
және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады. Қосылатын 
тұтыну кооперативi оның басқа тұтыну кооперативiне қосылуы тiркелген кезден бастап өз 
қызметiн тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып 
тасталады. 
40-бап
. Тұтыну кооперативiн тарату
1. Тұтыну кооперативі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалпы 
жиналыстың шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативiнiң оны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған жалпы жиналысы 
тарату комиссиясын тағайындайды және тұтыну кооперативiн таратудың тәртібі мен 
мерзiмiн белгiлейдi.
3. Тұтыну кооперативі таратылған жағдайда кооператив мүшесінің кооператив 
мүлкіндегі үлесін өзінің мүліктік (пайлық) жарнасына бара-бар бөліп алуға құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет