Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Жиынтық жұмыс тапсырмаларының құрылымы



Pdf көрінісі
бет271/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   288
Байланысты:
ӘНХ
То сан. – сынып. «Са талу за дары» бжб, 9 класс ББЖБ №4
Жиынтық жұмыс тапсырмаларының құрылымы 
Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау 
сұрақтары бар тапсырмалар: 
1) көп жауапты таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап 
нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды; 
2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз немесе 
қысқа сөйлем түрінде жазады;
3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс түрінде 
жазады. 
Жауап нұсқалары бар тест тапсырмалары. 
Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты 
критерийлері бар зерттеу тапсырмалары. 
Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны: 
– 2-4-сынып оқушылары үшін – 3-4 оқу тапсырмасы; 
– 5-11-сынып оқушылары үшін – 5-6 оқу тапсырмадан артық болмауы қажет. 
БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті 
БЖБ өткізу кезінде мұғалім:
 
1) БЖБ өткізілетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды. 
2) таңдалған оқу материалын бөлімнің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы 
бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді. 
3) Педагог білім алушылардың белгілі бір уақыт ішінде орындауына есептелген 
БЖБ тапсырмаларын құрастырады. 
4) Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді. 
5) Білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында 
тапсырмалардың мазмұнын тексереді.


361 
6) Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған 
тапсырмаларды қамтиды. 
7) Қашықтан оқыту жағдайында БЖБ тапсырмаларын қол жетімді байланыс 
құралдары арқылы жібереді (электронды журналда, интернет платформасында, 
электрондық пошта, чат және т.б. орналастыру) 
8) Академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының 
алдын алу мүмкіндігін қарастырады. 
9) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін критерийлерді баллмен есептеуді 
сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4-сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 
5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес). 
10) Білім алушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді. 
11)Электронды журналға/ қағаз түріндегі журналға балл қояды. 
12) Білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез келген 
қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электронды форматта 
коментарий ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет