Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет269/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   288
Байланысты:
ӘНХ
То сан. – сынып. «Са талу за дары» бжб, 9 класс ББЖБ №4
9. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда жүзеге 
асырылады. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. 
2016 жылдан бастап енгізілген критериалды бағалау нақты өлшенетін 
критерийлер негізінде бағалауды жүргізуге, білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін 
бақылауға және бағалауға, оқу процесін түзетуге, оқу процесінде туындайтын 
қиындықтардың себептерін анықтау мен жою қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқуда ілгерілеу, балаларды 
оқуға ынталандыру, білімдегі олқылықтарды анықтау және олардың оқу жетістіктерін 
көрсету мақсатында формативті бағалауды пайдалану ұсынылады. 
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдысының даму деңгейін бағалауға 
мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу критерийлерін 
айтып, көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек
және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек. 
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктері нақты 
анықталғанын, алдын ала белгілі өлшемдермен салыстыруға негізделгенін, оқу 
материалының 
қаншалықты 
табысты 
игерілгендігін, 
практикалық 
дағды 
қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагог, ата-аналар және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген 
нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес бағалауды 
жүргізуі тиіс: 
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды 


359 
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ -нің 2008 
жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен 
толықтыруларға сәйкес);
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау 
мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; 
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 
бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
тапсырмалар жинағы; 
- сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша 
әдістемелік ұсынымдар; 
Әдістемелік әзірлемелерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет