Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет270/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   288
Байланысты:
ӘНХ
То сан. – сынып. «Са талу за дары» бжб, 9 класс ББЖБ №4
nao.kz, smk.edu.kz
сайттарынан табуға болады. 
Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша (білім 
алушылардың оқу жетістігі) баллдар электрондық журналға, электрондық журнал 
болмаған жағдайда қағаз журналға қойылады. 
Педагог 2-11-сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім 
алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін 
бекіту 
туралы» 
ҚР 
БҒМ-нің 
2008 
жылғы 
18 
наурыздағы
№ 125 бұйрығына (өзгерістермен және толықтырулармен....) сәйкес өткізеді 
Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар 
кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 
2-11-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 
балға дейінгі шекте жүзеге асырылады. Кері байланыс беру үшін электронды 
журналдың рубрикаторларын пайдаланады. 
Әрбір оқушының оқу жетістіктерін балл қою арқылы әр сабақта формативті 
бағалау міндетті емес. 
Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу 
жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім 
алушылардың санын дербес айқындайды. 
Қорытынды бағаны электрондық журнал форматында шығару кезінде баллдар 
саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %. 
Педагог:
1) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын 
талаптарды басшылыққа алады: 13, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 14-9, 15-18, 21-26, 29-
тармақтар мен тармақшалар;


360 
2) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», 
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша 
жиынтық бағалауды өткізбейді;
3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бөлім, тоқсан, жартыжылда өткен оқу 
материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) 
тапсырмаларын әзірлейді.
Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы 
негізінде 2-11-сынып білім алушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын 
құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын көшіріп алудың алдын алу мақсатында 
мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, 
жобалар, эссе және т.б. беру ұсынылады.
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу 
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар 
әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет