Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Дүниежүзі тарихы» пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар
мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
Білім алушылардың тәрбиелік әлеуетін арттыруда тарих сабағының
Тарихты зерделеу кезінде оқушылармен экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру;
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу кейстерін жобалау және пайдалану
Тарихты зерделеу кезінде білім алушылардың АКТ – құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі;
6-7-сыныптардағы тарих сабақтарында мәтіндік құжаттарды оқу процесінде білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемеліккешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оныңішіндеэлектрондықтасымалдау құралдарытізбесі.
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.
2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» бойынша келесіоқулықтар пайдаланылатынболады:
5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгізаман: шамамен 2,5 млнжыл бұрын–Vғасыр);