Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау


Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз



бет26/31
Дата05.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17982
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз.
Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар:
1. Митру құдайы. Міндеті: жарату.
2. Анахиту – су құдайы.
3. Варуну – соғыс және жеңіс құдайы.
Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді. Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған.
Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді.
Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау.
Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтар әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған. Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан баб – Қожа Ахмет Яссауидың рухани ұстазы болған. «Түркiстанда – түмен Баб, ең үлкенi – Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан. Қазақтарда жиi айтылатын сөз – «Құдай». Түркітілдес халықтар ислам пайда болғанға дейін Алланы «Құдай» деп атаған. Б.э.д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің «Авеста» кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С.И.Оспановтың айтуынша, «Авестаның» тілі – көне түркi тiл. «Құдай» сөзі екi түркi сөзінен: «Құт(ты)» және «ай»-дан құралады. «Байлық, бақыт, аманшылық беретін – ай» деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген. Зороастризм – исламнан бұрын пайда болған дін. Қазақтар күн мен айды қастерлеген. Ай туғанда, ата-бабаларымыз алақанын жайып: “Ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа” деп тілек тілеген. Байырғы түріктердің жын-шайтан туралы да түсініктері болған. Жындарды: албасты, қарабасты, т.б. деп атаған. Түсініктерінде жындардың жаманы, жақсысы болған. Жаманы адамды ауруға ұшыратқан. Шайтанды түркілер «эрлік» деп атаған. Қазақстанға христиан дінін орнатпаққа Рим папасы өз тыңшыларын жiберген. ХІІІ ғ. екінші жартысында Марко Поло атты италияндық саяхатшысы қазақ даласына арнайы миссионерлік мақсатпен келген. Алайда көшпелі өмір салты қалыптасқан қазақ үшін шіркеу, костел, сурет сияқты христиандық ұғымдар қабылданбады.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетіне берік болды. Қожа Ахмет Яссауи исламды өз реформасымен халыққа жақын, әрі түсiнiктi етіп ыңғайластырғаннан кейін ғана ислам діні қазаққа тарай бастады. Нәтижесінде шариғат заңдары исламға дейiнгi діндердің ырымдарымен араласты. Мысалы ортодоксальды мұсылмандар жылқы етін жемеген, қазақтар керісінше оны Алланың атына құрбандыққа да шалған. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидың реформасы бұған рұқсат берген. Бірақ Алланы жан дүниемен сүюге шақырған.Сөйтіп, Қожа Ахмет Яссауи көшпелілерге ислам-ның кейбір қатал шарттарын үйлестірді. Қожа Ахмет Яссауи құранның кейбір уағыздарын, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың өсиеттерін орындамаған молдалар, имандарды, басшыларды (сұлтандар, әмiрлер), таразыдан жеген саудагерлерді, ар-ұждансыз әйелдерді сынап, дұрыс жолға бағыттап отырған. Осы қадамдар ислам дінінің көшпелі халық жүрегінен ойып орын алуына ықпал етті. Ислам 714 ж. Сайрам (Испиджаб), Яссы (Түркiстан) аудандарын, Сырдария өзенiн бойлай отырықшы халыққа кең тарала бастады. Бұл жерде Үзген, Жент, Жұбан-ана, Саудакент, Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар сияқты қалалар орналасқан. Исламның келуімен мешiттер, медреселер ашылып, кiтапханалар салынды. Медресе – орта, жоғары білім беретін мұсылман мектебі. Онда бастауыш сыныпқа мұғалімдер даярлаған. «Медресе» – араб сөзі, қазақша «орта және жоғары мектеп» деген мағына береді. Қазақ жеріне алғашқы медреселер ҮІІ-ҮІІІ ғ. салынған. Медреселер мешіттің қасында болған және оқуға ыңғайлы орын болып табылған. Білім алу мерзімі 12-13 жыл болған. Бастауыш сыныпта тек дінді, жоғарғы сыныпта астраномия, тарих, математика, география, құқық, әдебиет, араб тілі, т.б. пәндер оқытқан. Қазақтың көптеген танымал қоғам қайраткерлері, атақты ақын-жазушылары алғаш медреседен дәріс алған. Кеңес өкіметінің тұсында ғана «дін – апиын» деген ұранмен, молдаларды қудалап, медресе, мешіттерді жабады. Әйтпесе, 1900 жылы Түркістан аймағының саяси ахуалын зерттеуші Ресей саясатшылары бұл өлкеде 1503 мешіт, 11230 көпшілік мешіт, оларға тұтқа болған 12499 имам, 5755 мектеп, 5771 мұғалім, 66487 мүриді бар 686 ишан, 1526 шайқы (шейх), 1415 мазар (ірі бейіт, қорым) бар екенін білгенде қатты қаймыққан.Ал, 1908 жылы мектеп саны 6107-ге өскен. Бұларда 6361 мұғалім сабақ беріп, 14208 оқушы оқыған. Қыз балаларға арналған 801 мектепте 875 мұғалима сабақ беріп, 9773 қыз дәріс алған. Өлкеде жоғары дәрежелі 336 медресе жұмыс істеген. Мұнда 459 мударис сабақ беріп, 14375 шәкірт білім нәріне сусындаған. Сонымен бірге зағип, мүгедек, т.б. ауыр тағдырлы жандарға арналған «қары-хана», «даляил-хана» деп аталатын (дауыстап құран оқуға баулитын) 327 мектепте 360 мұғалім, 4681 шәкірт оқыған. Оқу-ағарту саласындағы осы нәтиже Түркістанды мекендеген барлық халыққа ортақ деп есептейміз. Әлихан Бөкейхан дінге қатысты: «Ғұмыр ісі амал, әдіс атқарушыдан күтеді. Шариғат рәсімімен қазақ рәсімін жіңішкелеп тапсыруға амал, әдіс іздеу керек. Бізді шала, пікірі қоңыр молла «шариғат-шариғат» деп қорқытып жүр. Шариғат мақсұды да закон мақсұдындай: екеуінің де іздегені жұртты бақытты қылмақ. Жұрт бақыты іс жұртқа ыңғайлы болса шығады; іс жұртқа ыңғайлы болады – жұрт ұстап отырған рәсімге жалынса» – деп ой түйсе, қазақ жазуы мен тілін жүйеге келтірген, ағартушы-жәдидшіл Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге ауыстырам деу құр әурешілік. Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан айыруға болмайтын жұмыс» – деп тұжырымдайды. Әлиханның «мәдениет әмірі – құдірет әмірі» деген сөзінде де терең мағына жатыр. ХХ ғасыр басында дінді бір жүйеге келтіру Ресейлік мұсылман зиялыларын толғандырғанда, Ә.Бөкейхан: «Біздің қазақ рухани ісін де ақ жолға салып аламын десе, бұл – зор жолды істің бірі ғой» деп жазса, жеті жылдық жәдит мектептерінде міндетті диуани пәндермен бірге ислам дін сабағы жүруін қалаған А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың дін істері мынандай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдаларымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп» деп зәрулікті ақылмен шешуді ұсынған. Ә.Бөкейхан еңбегінен қазақтар тұңғыш рет Патша өкіметінің саясатына қарсы прокламацияны (1905 жылғы петициядан әлдеқайда бұрын) 1902-1903 жылдар шамасында жазғанын білеміз. «Қазақтың бірінші прокламациясында орыс өкіметінің ислам дініне жасап жатқан зорлығы мен христиандандыру саясатына бір кісідей қарсы тұруға шақырды. Бұл идея прокламацияда жалаң айтылмай, орыстандыру саясатына қатысты нақты фактілермен дәлелденген. 1902 жылдан ендірілген «крестьян начальнигі» жүйесіне, елдегі ресми мектептердегі араб тілі мен жазуын қолдануға тыйым салынуына қарсылық білдірген. Өтініш қанағаттандырылмаған соң, халық прокламациялары айтқан имансыз шаралардың жүзеге асатытына көзі жеткен» деп көрсетеді Әлихан. Осы зерттеуінде Ә.Бөкейхан 1903 жылдан бастап діндарлар қуғындалды, кітаптары тәркіленді деген мәліметті (С.Ғылмани, т.б.) толық растайтын дәлел келтірген. Науан қазіреттің орны орыс үшін Ломоносов қандай болса, қазақ үшін сондай деген Әлихан: «Прокламацияға қатысты қазақтың әйгілі игі жақсыларын, молдалары мен қазақтың жаңаша оқыған мұғалімдерін алғаш рет саяси тұрғыдан ресми тінтіді. Бірақ оларды 2-3 жылдан соң азаттық күндері қайтарып берді. Наурызбай (ел оны құрметтеп сыпайы атпен Науан дейді) Таласұлы шәкірттерімен бірге жер аударылды» деп жазады.Қазақ империяның боданы болған жылдары дінінен ажырап қалды. Шоқындыруға барынша ұмтылған империя қазақты байырдан келе жатқан дәстүрлі дінінен ажыратқысы келді. Діннен ажырату – ұлтты жоюдың тиімді жолы деп санаған олар мақсатқа жетуге барынша ұмтылды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жастардың қайта дінге бет бұру процесі қарқынды жүрді. Бұл жақсы. Бірақ ұлтты сақтап қалу үшін фундаменталистік ағымдар жетегіне ермеу қажет. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін жатырқамайтын дәстүрлі діннен адаспау керек.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет