Қазақстан тарихы (он бес дәріс) Қарағанды 2010



бет15/16
Дата31.03.2020
өлшемі394,19 Kb.
#61111
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақстан тарихы база


2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері

мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік

саясат қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.

Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан

Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда

Г.П. Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған

Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына

бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған

Г.В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл

пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған

саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.

1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін

бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси

сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ

болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды.

Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін

тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату

мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери

күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады.

Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі

әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын

машиналар, сойылдар сынды қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың

қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма

қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу



камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды.

Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков,

Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар

жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде

айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін

бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам

комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды,

жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент

оқудан шығарылды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау

және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан

құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы

9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП

ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының

көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия

желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық

депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов

желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет

мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам

болды.

3. 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына

байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың

көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық

қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды.

Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа

полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету.

Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың

бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды.

Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың

зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет

назарын аудару болды.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты

ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу

болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі»,

«Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты

Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық

«Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды.

Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар

кірді.


1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар

өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан

социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден

аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси

қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси

қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ

тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен

белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990

жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған

Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш

болды.

Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі



күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті.

1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан

шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің

жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15

қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400

жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ

халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат»,

«Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы

шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған

қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез-

келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке

айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

14-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан (1 сағат)

1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер

достастығын құру (ТМД).

2. Экономикалық даму.

3. Қоғамдық-саяси даму. Рухани дамуы.

СӨЖ тапсырмалары:

1. КСРО-ның ыдырауы мен Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының күрделі

кезеңіне сипаттама беру.

2. 16.12.91 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік

Тәуелсіздігі туралы» Заңының негізгі қағидаларын анықтаңыз.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)



1. 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары

Минск қаласында кездесті (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелер

-1922 жылғы КСРО құру туралы келісім-шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер

Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол

қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев та, басқа

Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан,

Түркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия

мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келісімі) шешімін

қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан,

Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, РСФСР, Украина,

Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы

есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары

КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы

кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға

қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық

қаруы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Ресей Федерациясы және

Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі

бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап,

Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы қазанның 16-сындағы

қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы

шығарды. «Президент сайлауы жөніндегі Заң» қабылданып, ол бойынша

1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице

президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып,

ант берді.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік»,

«социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы

желтоқсанның 10-ы Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ

Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991

жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін

жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың

Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз

тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан

Республиканың тәуелсіздік алған күні.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық

мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық үкімет билігін

толығынан қолданады, ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді,

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде

өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары

біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан

Республикасының және оның атқарушы үкіметінің басшысы Президент

болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің

жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.



2. 1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның егемен мемлекет

ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі жарияланды. Бұл

еңбектің маңызы:

- Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді.

- Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.

- Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі

міндеттер сараланды.

- Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі

ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес… Біздің

мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың __________мүдделері жекелеген

мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі

мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», - деп атап көрсетті

Н.Ә. Назарбаев.

1991 жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз

мемлекеттігін құрудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз

ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін

міндет ретінде оның мемлекеттік нышандарын (символдарын) қабылдауды

талап етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда

Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен

Елтаңбасын бекітті. Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба

авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992

жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның

мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев,

Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева. Әуенін жазғандар - Мұқан

Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы

сақталды).

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш

Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан

тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін

бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Ресей

банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты,

Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады.

Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды,

тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

өзінің ұлттық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада

«Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент

жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық

консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы

құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА)

сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің

өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум

өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші

конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігін 2000

жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум

өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттілігін

ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және

құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық

үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жергілікті жердегі басқару

құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен

ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға

жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22

сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда

Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде

Қазақстанда 14 облыс бар.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл

негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен

мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік

топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның

ерекшеліктері:

1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.

2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны

177-ден 114-ке қысқартылды.

3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне

араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері

бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.

4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық

құқықтарды бұзуға жол берілмейді.

5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүдесін

қорғайды.

6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Тарихи маңызы:

- Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы,

өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократия даму

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс

тапқан.

- Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.



Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан

Ақмолаға көшіру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес

депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанында Ақмолаға мемлекеттік рәміздер

эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10

желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6

мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-

2030» Жолдауы жарияланды. Жолдауда қаралған мәселелер:

1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

2. Реформаларды аяқтау.

3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі

және сыртқы саясаттың ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің

саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және

стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жыл –

Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне

нық қадаммен аяқ басқан ел болады.



3. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы

экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен

экономикалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген

экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық

басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын

қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері - басқару емес,

өнеркәсіптердің техникалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар

таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық реформаны дамыту жағдайында 35 станционарлық

қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоциациялар, 30-ға жуық

концерндер мен консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер

құрылды.


Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет

меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте

нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет

болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны

қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге

асырыла бастады.

Жекешелендірудің мақсаты :

1. Кәсіпкерлікті дамыту.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.

3. Еркін баға орнату.

4. Жеке меншік секторлар құру.

5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет

меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық

қызметтің шектелуі тұралы» заң қабылданды.

Мақсаты:

- Нарықты басқару механизмін еңгізу.

- Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды

қамтамасыз ету.

- Тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда Монополиялық басқару

құрылымын тарату, товар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары

белгіленген.

Іскерлік белсенділіктің өсуі жаңа банктік құрылымның жасалуына әсер

етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық әл-ауқатты

жақсартпады. Өндірістік тұтыну товарлары мен қызмет көрсету

қысқартылды.

1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен

Республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992

жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың

тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы

қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік

товарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының

бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген

адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

Нарықтық экономика саясатының негізгі белгілері:

1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

2. Жекешелендіру.

3. Кәсіпкерлікті дамыту.

4. Монополияны жою.

5. Бағаны босату.

6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзеге асыру.

1991 жылы жекешелендіру процесі басталды. Жекешелендіру процесі

үш кезеңге бөлінді:

Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті:

1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгілеу.

2. Меншіктік құқық беруді дайындау.

3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл

кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды.

Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік

мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион

өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан Парламенті бұл стихиялық

процесті реттеуге күш салды.

Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті:


1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдарламасын қабылдау.

2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру.

3. Инвестициялық купондар енгізу.

1993 жылғы наурызда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің

1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық

меншік Мемлекеттік мүлікті баcқару комитетінің қолына көшірілді. Бұл

комитеттің міндеті:

1. Меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуге тиіс.

2. Арнайы төлем құралдары-жекелендіру инвестициялық купондарын

енгізу.


Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға

мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына

ауыстыруға және сатуға рұқсат берілмеді. 200-ге жуық инвестициялық

қорлар құрылды. Мақсаттары купондарын жинастырып, аукционға

шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену. Бірақ 1995

жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындығы

белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:

1. Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды құру.

2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.

3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайдың төмендеуін тоқтату.

Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдік компанияларға

сатылды. Шетелдік фирмалар иелігіне берілген маңызды объектілер:

1. Қарағынды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары.

2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары.

3. Павлодар алюминий заводы.

4. Павлодар атом-энергетикалық кешені кәсіпорны т.б.

1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп,

18 млрд. долларға жетті. Осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден

нашарлады.

1997-1998 жылдары Кентау (Оңтүстік Қазақстан облысы) және Жаңатас

(Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып,

аштық жариялады. Экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен

қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленісіп кетті. Өндіріс жаппай

құлдырады. Үкімет тарапынан жүргізіліп отырған қаржы, несие, баға және

салық саясаты жетілдірілмеді. Жұмысшылардың жалпы саны қысқарды.

Жұмыссыздар саны жылдан жылға көбейді. Мысалы, 1995 жылы еңбекпен

қамту қызметтерінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны- 153 мың

Қазақстан тарихы (он бес дәріс)

болды. Өндірістің толық тоқтауы салдарынан ақысыз демалысқа шыққандар

-192 мың, ал өндірістің жартылай тоқтау себебінен жұмыс уақыты толық

емес режимде істейтіндер - 451мың, 90-жылдардың соңындағы жұмыстардың

жалпы саны - 643 мың.

1997 жылы экономика саласында істеп жүрген адамдар саны 1996

жылмен салыстырғанда 11,8% кеміді. Республика еңбек рыногының өзіне тән

ерекшелігі-жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы (9-11%).

Еңбекпен қамту проблемасы ерекше ауыр болды (жұмыссыздар 54,8). Жұмыс

сыздықтың жергілікті шоғырланған аймақтары-шағын қалалар болды.

Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар

іске асырылды. 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру- 1-ға, өндіріс

көлемін арттыру- 1,8-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млн. долларға

жетті. Инвестиция мен өндіріс деңгейінің төмендеуі экономиканың

құлдырауға түскенін, реформаның тиімсіздігін көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет