Хаттама №1 «Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінде



бет1/2
Дата27.09.2022
өлшемі21,04 Kb.
#150962
  1   2
Байланысты:
Олимпиада хаттама


Хаттама №1
«Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып бірлестігінде 28.08.2021ж күні бірлестік отырысы болып өтті.
Қатыстыға тиісті: 12 қатысқаны: 12
Күн тәртібінде:

  1. Өткен оқу жылына қорытынды



  1. Жаңа оқу жылына әдістемелік бірлестіктің мүшелерінің жоспарларын талқылау, бекіту.



  1. Пән бойынша жүктемелік сағаттарды бөлісу, мұғалімдердің күнтізбелік жоспарын талқылап, бекіту.



  1. Аудандық білім бөлімінің №122 бұйрығына сәйкес медицина сараптама бойынша 3-сынып оқушысы Байболов Дінмұхамметтің үйде оқытылуына байланысты күнтізбелік жоспарды бекіту туралы



  1. Жаңа оқу жылына ашық сабақтарды жоспарлау.

Тыңдалды: 1-мәселе бойынша бірлестік жетекші М.Сафарова сөз алды. Өткен оқу жылының қорытындысына тоқталып өтті. Онда мектепішілік іс-шараларға мұғалімдердің қатысуы, пәндік олимпиадалардың нәтижесі, білім сапасы жөнінде айтып өтті. Биылғы жұмыс жоспармен таныстырды.


2-мәселе бойынша БЖ әдістемелік мүшелерінің міндеттерімен таныстырып өтті. Әр өзінің атқарар жұмыстарымен танысты.
3-мәселе бойынша жүктемелік сағаттарды мұғалімге бекіту туралы айтылды. Күнтізбе жоспарының толымдылығы, бағдарламаға сәйкес жасалу керектігі айтылды. Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары талқыланып, бекітілді.
4-мәселе Аудандық білім бөлімінің №122 бұйрығына сәйкес медицина сараптама бойынша 3-сынып оқушысы Байболов Дінмұхамметтің үйде оқытылуына байланысты күнтізбелік жоспары бекітілді. Сынып жетекшісі Э.Қамбар бекітілді.
5-мәселе бойынша мұғалімдердің ашық сабақтарының кестесімен таныстырды. Белгіленген уақытында көрнекілікпен, тиімді әдістермен өту керектігі ескертілді.
Шешім:

  1. Бірлестік жетекшісі М.Сафарова өткен оқу жылына жасаған қорытындысы қанағаттанарлық деп табылсын.

  2. Күнтізбелік жоспарды бекіту , тексеріп шығу бірлестік жетекшісіне тапсырылсын.

  3. Жаңа оқу жылына ашық сабақтарды жоспарлау, уақытында өткізу қадағалау бірлестік жетекшісінің міндетіне жүктелінсін.

Бірлестік жетекші: М.Сафарова


Хатшы: Э.Қамбар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет