«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
56-сұрақ. 
Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, 
нәтижелері және олқылықтарын жүйелеп талдаңыз. 
Жауап: Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр 
өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы 
Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті 
ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін 
дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар 
жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты болды. Геолог Қ. Сәтбаев 
республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, 
өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін 
салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең 
орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 
игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай 
минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: 
біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым 
академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - 
Геологиялық ғылымдар институтын құруы. Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін 
дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. 
Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі 
Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға 
берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы 
халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб 
темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль 
бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны 
Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 
жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 
1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, 
Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 
жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен 
Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды. 
Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында 
жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. 
Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең 


шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі 
болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта 
қалпына келтірілді.Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, 
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. 
Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру 
жағдайында жүзеге асырылды. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы 
келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: 
орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген 
шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған 
қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» 
жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы 
«Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген 
мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. 
Индустрияландырудың жетістіктері: 1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму 
Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 
жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды. Елде 
көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің 
үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның 
үшінші көмір ошағына айналды. Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі 
жетістіктерге жетті. Алматыда аяк киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері 
илейтін комбинат және ет комбинаты, Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-
көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, 
Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май шайқайтын зауыттар қатарға 
қосылып, өз өнімдерін шығара бастады. Нәтижелері — Қазақстан Одақ бойынша 
өндірістің жалпы өнімінің көлемі жөнінен 7 - ші, электр қуатын өндіруде 6 - шы, тас 
көмір және мұнай өндіруде 3 - ші, қорғасын өндіруде 1 - ші орынға шықты; түсті 
металдардың негізгі өндірушісіне айналды; никель, қалайы, вольфрам өндіру жұмысы 
жолға қойылды. Қиындықтары – Қазақстанның экономикалық жағынан артта қалуы; 
— патриархалды - феодалдық қатынастардың қалдықтары; пайдалы қазбалардың 
өндірілуінің қиындығы; — тұтыну заттары өндірісінің басым болуы; 
инфрақұрылымның болмауы; маманданған жұмыс күшінің тапшылығы. Келеңсіз 
жақтары – Ауылдағы өндірістік күштердің күйреуі, Қазақстан өнеркәсібінің 
шикізаттық бағыты, Кәсіби мамандардың басқа аймақтардан келуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет