«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру мәселені шешіңіз



бет13/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы
бронхтық демікпе, Жас-балалардың-жақ-бет-хирургиясының-ерекшеліктері, Пульмо тесты 1 тема 4 ОМ рус, АПТ аппеляция 435, Тесты функциональной диагностики, ҚАЛА МЕН АУЫЛ БІЛІМ САПАСЫ
Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы – ұлттық мемлекет құру идеясын таптық негіздегі мемлекет құру идеясымен ауыстыру мәселені шешіңіз

Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда алдымен Уақытша үкімет, кейін Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халықтармен қатар қазақ елі де азаттыққа ұмтылды.


Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік Республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болып табылады. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу обл.) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет (мұхтариат) көп өмір сүрген жоқ.
1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты. 1920 жылы тамыз айының басында Ұлт істері халық комиссариаты жанында Казревком, Сібірревком және Түркістан ОАК өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреттің үлгісі 17 тамызда қаралып, РКСФСР ХКК қолдады, ал 1920 жылы 26 тамызда бұл декрет бекітіліп, заң күшіне енді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР-інің С.Меңдешов басшылық еткен Орталық Атқару Комитетін және В.Радус-Зенкович басқарған Халық Комиссарлар Кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезі өтті. Қазақстан Ресей құрамындағы автономия, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды. Республика жер аумағы 2 млн шаршы шақырымға жуық, ал халқы 5 млнға жететін мөлшерде болды, оған Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красновод уезі мен Астрахан губерниясының бір бөлігі енді. Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 жылы ол жойылып, Өзбек және Түрікмен Республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік Республикалары пайда болды. Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана Қызылордаға ауыстырылды Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақмешіт, Әулиеатаның көп бөлігі және Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездері, Самарқан облысының алты көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек уезінің Георгиевка, Шу, Қара-Құнық болыстары енді. Межелеу нәтижесінде Қазақстан аумағы 70 мың км-ге кеңейіп, 2,7 млн км құрады, тұрғындардың саны жалпы 5230 мың адамға жетті. Астана Ақмешітке ауыстырылып, оның аты Қызылорда (1925 жылы) деп өзгертілді. Осы жылы елдің дұрыс атауы қайтарылып, Қазақстан республикасы деп аталатын болды. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуына үлкен рөл атқарды.
Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Лениннің декреті бойынша (жарлығы) 1920 жылы Орынбор қаласында өткен съезде Қазақстан жеке автономиялық мемлекет болып жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы ұлысты айтады.
Ал 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылғандығы, яғни бірнеше республикалардан құрылған мемлекеттердің одағы жарияланды. Алғашқы кезде оның құрамына төрт республика кірсе, кейіннен оның құрамындағы республикалар саны 15-ке жетті. Олардың барлығы 1991 жылға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында өмір сүрді. Одақ құрамындағы мемлекеттер өз алдына жеке мемлекет, егеменді деп есептелгенімен, шындығында олардың барлығы КСРО-ға бағынышты болып, өз алдына жеке экономикасын, дербес саясатын жүргізе алмады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет