«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын сипаттаңыз



бет21/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын сипаттаңыз

Кеңес өкіметінің орнығуымен қоғамдық-саяси өмірде де келелі өзгерістер жүрді. Республикадағы жетекші әрі ұйымдастырушы саяси күш міндетін 1920 жылы құрылған Қазақстан коммунистік партиясы өз мойнына алды. 1921-1926 жылдар аралығында коммунистер қатары 23,2 мың адамнан 31,9 мың адамға ұлғайған екен.


Кеңестік Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды.

  1. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуалды сипаттаңыз

Соғысқа дейінгі бесжылдықтардың мәдени қорытындысы білім мен ғылым саласында, әдебиет пен өнерде, кітапхана мен клуб ісінде, бұқаралақ ақпарат құралдарында анық көрінді. Сауатсыздықты жою сәтімен аяқталды, баршаға бірдей бастауыш білім беру міндеті шешілді. Бұрын мүлде болмаған жоғары оқу орындары ашылып, ғылыми-зерттеу институттары құрылды.
1940 жылы Қазақстан халық шаруашылығы жиынтық өніміндегі өнеркәсіп өнімінің үлесі 63,7%-ға жетіп, аграрлық өлкенің индустриялық-аграрлық елге айналғаны дәйектелді (1913 жылы өлке шаруашылығындағы өнеркәсіп пен көліктің үлесі 10% ғана еді, есесіне мал шаруашылығының үлесі 60%, жер шаруашылығының үлесі 30% болатын).
Қарағанды, Балқаш, Ақтөбе, Риддер қалалары ірі өнеркәсіпті елді мекендерге айналды. Жұмысшылар мен қызметкерлер саны 1 млн адамға жуықтады
1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықпен миллиондардың өмірін қиған қылмысынан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды. Коммунистер «халық жауларын» әшкерелей бастады. «Халық жауларының» тізіміне ең алдымен өз елі үшін аянбай тер төккен ойлы да білімді Алаш белсенділері енгізілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет