«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтар студенттері үшін мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігін сипаттап жазыңыз



бет23/43
Дата17.05.2023
өлшемі139,12 Kb.
#177026
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
эталон-Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы тыл еңбеккерлерінің еңбектегі ерен ерлігін сипаттап жазыңыз

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға өз еркінше көмек беру кең көлемде жүргізілді. Майдан қорына 1943 жылы қазан айында 185,5 млн. сом және 193,6 млн сом шамасындағы облигацияға жетті. Ақтөбе облысы Нурманов совхозында Ш.Берсиев 1 га 202 ц астық алса, қызылорда облысы Шиелі ауданы Авангард совхозында Ы.Жақаев 1 га 172 ц. күріш алды. Қаскелең ауданы 3 интернационал совхозында Мұхамедиева 1 га 600 ц. қант қызылшасын алды. Мал шаруашылығындағы шопандар да еңбегін аяған жоқ. Ж.Мұхашев Жезқазған облысы Амангельді совхозының шопаны 100 қойға 180 қозы асырады. Гурьев облысы Жаңаталап колхозында Шугампова 1 мың жылқыны шығынсыз алып шықты. Қазақтаннан қару жарақ үшін 480 мың сом келді. Соғыстың алғашқы қысында көмектің негізгісі жылы киімдер болды. Республикадағы ұлттардын 2,5 млн. жылы заттар, сонымен бірге 11,5 мың жылы тон және 312 мың пар шұлық келді.
Тылдағылардың майданға көмегі, майдангерлердің жағдайын жақсартып қоймай, сонымен қатар олардың әскери жігерін көтерді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майданның бір арсеналы болды. Мұнда қарағанды көміршілері жігерлі жұмыс атқарды. Республика өзімен бірге басқарушы ролын сақтап қалды. Өндірісте мыс 38 процент, қорғасын 85 процент. 1941-45 жж. барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды.

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз

Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған еңбектер түсірілген фильмдер де жеткілікті бірақ єлі де болса жазылатыны да көп. Екінші дүние жүзілік соғыстағы Кеңес халқының жеңісі бүкіл єлімдек тарихта маңызы бар.


Адамзат Фашистік милитаристік диктатураның дүние жүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды.
Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Әр тәулікте бұл соғыс орта есеппен 14 мың 104 кеңес адамының өмірін қиып отырды. Әр сағатта 588, әр минутта10, єрбір секунд сайын 1 адам жер жастанып отырды.
Сталин Ұлы Отан соғысының шығынын 7 млн шамасында деп көрсеткен болатын, Хрущев 20 млн-н астам деп түзеді. Ал М.С. Горбачев 27 млн деп көрсетті. Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар ал 350 мыңдайы қазақтар болатын. Халқымыз басынан өткерген осынау сұрапыл соғыстың бар кезеңдерін дұрыс бағалай біліп, Берлинде аяқталған сапарды дұрыс көрсеткеніміз жөн болар. Бұл жолда қаншама қасіреттен кейін қолымыз жеткен жеңіске қазақ халқының қосқан үлесін баяндай алсақ келешік ұрпақ алдында арымыз таза, абыройымыз биік болар еді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет