Қызбергенова Гүлғаным
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
кітапханашысы
Кітап білім – бұлағы.
Кітапханалық сабақ 4(б)сыныбы.
Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұратын басты мақсаттардың бірі-білімді ұрпақ тәрбиелеу.Олай болса,біздің барлық іс-әрекетіміз осы бағытта болуы керек.Ал ұрпақ білімді қайдан алады.Әрине кітаптан.
«Білсем ізденсем»деген адамға құшағын кең ашады.Ия,кітапхана-кітаптар мекені. «Кітап –білім бұлағы»,білім көзі.Рухани байлық кітап арқылы молаяды.Ал бүгінгі таңда кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.Кітап-біздің рухани құндылығымыз,теңдессіз байлығымыз.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихта да,әдебиетте де басқа ғылымның кереметтерін кітапханадан табамыз. Талай жаңалықтың көзі –осы кітаптар.
Рухани білімнің,рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі,маңыздылығы ешқашан мәнін жойған жоқ.Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап»деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника,жоғары технолгия дамыған ХХ1 ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі-кітап.
«Кітап білім-бұлағы»кітапханалық сағатын ашық деп жариялаймын.
1. Сабақтың мақсаты: адам өмірінде кітаптың маңызын түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,кітапты ұқыпты пайдалануға үйрету.
Кітапханашы:Балалар,бүгінгі сабағымыз Кітап туралы.Кітап білім мен тәрбие беретін құрал.Ол біздің рухани қазынамыз.Алғаш мектеп есігін ашқанда,кітап ұстап,кітаптан білім аламыз.
Кітап-қай кезде де білім қазығының ғажайып қоймасы.Алғаш жазу жазасын,әріп таисың.Ал оның бәрін,әрине мұғалім,тәрбиеші,ата-ана,ата-әжелерің үйретеді,ал олар білімді кітаптан алады.Өйткені ,кітап арқылы біз өмірге үйренеміз,үлгі мен көп үлгі мен тәрбие аламыз.Дана халқымыз«білекті бірді,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек.
Кітапханашы:Ал,ендеше қош келдің ,қымбатты досымыз-Кітап,бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайтыңыз.
2.Оқулықтар туралы тақпақтар айту.
Саған білім жемісін
Оқулығын береді.
Дақ түсірмей бір бетке.
Кітап алма ағашы,
Жемісін біз теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңың әр бетін.
Кітап –сенің құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсын сен бірақ
Онсыз алға бір адым.
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау сен бірақ
Қаншама еңбек еткенін.
Кітап досың жолдасың
Өмірдегі жолбасшың.
Жақын болсаң онымен
Жаман бала болмассаң
Себер шуақ, нұр көпке,
Аяла оны құрметте.
Үңіле оқып әр бетін,
Күтіп ұста кірлетпе
Кітапханашы: Балалар, сендер кітаптан не үйрендіңдер?
Оқушы: Жазуды, оқуды, есеп шығаруды, сурет салуды...
Кітапханашы: Балалар, кітап туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
3. Кітап туралы мақал-мәтел айту.
1-оқушы: Кітап –білім бұлағы,
Білім -өмір шырағы
2-оқушы: Әріптен білім,
Әліппеден ғылым.
3-оқушы: Кітапсыз үй-жансыз дене.
Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал.
4-оқушы: Жердің жарығы-күн
Адамның жарығы-білім.
5-оқушы: Өмірде еңжақсы кеңесші-кітап
Кітап арзан,
Іші толған маржан.
4. «Науқас кітапә атты көрініс көрсетіледі.
(Бір оқушының кітабы науқастанып қалып дәргерге әкеледі)
Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!
Дәрігер: Амансың ба?
Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол-қатты науқас.
Дәрігер: Жарайды, алдымен ауруын анықтап алайық.
Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті (жыламсырайды).
Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін.
Көрген адам «Кітабыңды кір!» демесін.
Мен кеңестер жазып беремін, үнемі есте сақтап жүр:
- кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме;
- кітап мұқабасы бүлінбес үшін, қаптап ал;
- кітап беттерін жыртпа;
- кітапқа сурет салма, жазба;
- тамақ ішіп отырып кітап оқыма;
- кітап беттерінің арасына, қарындаш, қалам салма.
Оқушы: Жарайды, дәрігер, кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын!
Кітап: Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Таза ұста, оқу мені қастерлеп,
Бар білімді мен беремін миыңа.
5. Викториналық ойын. Жұмбақ шешу.
1. Аппақ дала,қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріптер)
2. Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Аңшылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық. (кітап)
3. Ұзын,ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп сол судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (оқу)
Ән: «Әйбат менің кітабым»
6. Қорытынды:
Кітапханашы:
- Балалар, сонымен кітап дегеніміз не?
- Іші білім мен сырға толы досымыз.
- Балалар, кітапты қалай ұстауымыз керек?
- Күтіп ұстап, қаптауымыз керек.
- Кітаптың бетіне сурет салуға бола ма?
- Жоқ болмайды, кітапта таза, ұқыпты ұстау керек.
- Балалар, кітаптардың да арманы бар. Олар да лас, ұқыпсыз оқырмандардың қолына түскісі келмейді. «Білімге қызығатын, ұқыпты балалардың қолына түссем!» деп армандайды.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,- деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі «Кітап-білім бұлағы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
(Кітапханалық сабақ)
Өткізген:
Мектеп кітапханашысы: Г.Қызбергенова
4б сынып жетекшісі: Н.Ержанова
Ырғыз 2014 жыл
О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі бойынша өткізілген конференция.
Қызбергенова Гүлғаным Әнуарбекқызы-
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі кітапхана меңгерушісі:
Конференция мақсаты:
Бір ел –бір кітап акциясы еліміздің барлық аймақтарында әлі де жалғасын табуда. Шығармалары көптеген тілдеріне аударылып, туған жерге деген сүйіспеншілікті оятатын жазушының шығармаларын әр түрлі жастағы және түрлі ұлттың оқырмандары өте қызығушылықпен оқиды. Оқырман мен кітапханашы, кітапханашы мен авторды жақындата түсетін оқу акциясы бойынша өткізілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Оралхан Бөкейдің шығармалары ұйымдастру комитетінің таңдау таразысынан өтіп, ұсынылды. Осы акцияға байланысты Оралхан Бөкейдің жазушылық шеберлігін, рухани келбетін ашатын іс-шаралар өткізілді.
Акцияның мақсаты:
қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту.
Көрнекілігі:
Оралхан Бөкей туралы ақын шығармашылығының кітап көрмесі.
Оқырман конференциясының өтілу барысы:
І.Баяндама. 1. Оралхан Бөкейдің өмірбаянымен танысу.
ІІ. «Бөкей-халық жазушысы» атты туындысы
1. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін мазмұнын ашу.
2. «Сиқырлы сөз шебері»атты сұрақ-жауап.
ІІІ. Қорытынды «Қара сөздің хас шебері».
Конференцияның негізгі арқауы-қазақ әдебиетінің біртума дарынды тұлғасы, өзі туған Өр Алтайындай оның асқақ та биік адамдарын өршіл рух,кестелі тіл бедері мен жыр ететін Оралхан Бөкей-сөз өнерінің әлеміндегі ірі құбылыс болып қалды. Оралхан Бөкей –бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгер.Оның қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі де ерекше. Оралхан Бөкей адамның ішкі әлемін ашып, оның жан-дүниесін үңіле зерттеуге талаптанған романтик-жазушы. Оның қай шығармалары болмасын, қалам сілтеген негізгі тақырыбы-адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы бірлігі. Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау.
«Көрінуші ең көнелердің көзіндей,
Жазғандарың-қара өлеңнің сөзіндей,
Асқақ едің, атақты едің, Нар едің,
Туған өлкең- өр Алтайдың өзіндей...» - деп ақын Серік Тұрғанбеков жырлағандай, Алтай тауының киелі топырығында дүниеге келіп, табиғи талантымен Алаш жұртын таң қалдырған аяулы жазушы Оралхан Бөкей арамазда болса 69 жасқа толар еді. Оралхан Бөкей ХХ-ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көкжиегіне көрік берер жарық жұлдыз, алты Алашты аузына қаратқан атақты жазушы, философ, публицист, драматург, жер шарының алтыдан бір бөлігінің небір танымал жазушыларының таңдайын қаққызған ешкімге ұқсамайтын, шеберлігі ширығып шегіне жеткен тамаша талан иесі болған. Ендеше , сол бір мәңгілік жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық. «Бір ел-бір кітап» акциясына «Бөкей-халық жазушысы» атты оқырман конференциясын ұсынамыз.Конференция 9 а-сынып оқушыларының (сынып жетекшісі Д.Бекниязова) арқау болуымен жазушы Оралхан Бөкейдің өмір жолдары мен шығармалары арқылы «Кербұғы» кітабынан алынған «Тортай мінер ақ бол ат» атты әңгімесі талқыға салынып, оқушылар тақырыптың мазмұнын ашты.
Жазушы Оралхан Бөкейдің өмірбаяны таныстырылып, «Алтайдың асқақ жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. «Сиқырлы сөз шебері» тақырыбында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерінің білмеген, түсінбеген жерлерін сұрақ қою арқылы толықтырды.
Қорытынды: «Қара сөздің хас шебері»
Ақ бас Алтайдың ақ бұрқақ Ақыны-
Кербұғы секілді Қазақтың кербезі!
Оғлан Ойлары тұңғиық тебіреніп,
Арудай Сезімі тәкаппар емірентіп,
Өзендей буырқанып тасыған арнасы;
Бұрынғы Әулие,
Кешегі Жыраулар жалғасы-
Сұңқардай шүйіліп,
Лашындай түйіліп,
Тұйғындай толғанған;
Тілегі Алашқа,
Жүрегі Алтайға айналған;
Қаламы ғарышпен сүйісіп,
Кіндігі Еліне байланған,-деп жырлағандай. Оралхан Бөкей көзі тірісінде –ақ «қара сөздің хас шебері» атанып, замандастарын парасат-пайымымен, елден ерек талантымен таң қалдырған Оралхан Бөкей есімі кейінгі толқының жадында мәңгі сақталады.
Қазақтың кестелі тілі мен өрнекті ой орамдарын дәріптеу арқылы біз ұлттық сана-сезімді тәрбиелейміз. Басты нысана осы. Ал Оралхан Бөкейдің есімін есті ұрпақ ешқашан естен шығармақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |