Оқу тобы Жоспары: Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#92566
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Атанбекова Арайлым


Мектепке дейінгі мекемелерде инклюзивті білім беру
Атанбекова Арайлым
1201-19 оқу тобы
Жоспары:
1.Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру
2.Инклюзивті білім берудегі мектепке дейінгі бағдарламалар
3.Қазақстандағы инклюзивті білім беру мекемелері
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуда инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және жеке гигиеналық жабдықтар , т.б. жарақтандыру) көрсетілген.
Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген. Инклюзивті білім беру – этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне, жасына, жынысына, қарамастан, барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында «Бір мақсат», «Бір болашақ» деп нақты көрсеткен болатын.
Кіріспе
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет