ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет97/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Орлов А.С.
Казахский героический эпос. М., 1945. С. 124. 
2
«Астраханский вестник», 1893, №1222. 


307 
және басқалар сынды халықтың көркем шығармашылығының аса 
көрнекті туындылары да бар. Олардың мазмұнында халықтың 
қоғамдық өмірі жан-жақты суреттелді, сондай-ақ оның болмысқа 
деген эстетикалық қатынасы да көрініс тапты. «қазақ поэзиясында 
көшпелі халықтың поэтикалық болмысының өткір байқағыштығы мен 
зеректігі айқын байқалады. Әнші, оны қоршаған өмірдегі барлық 
маңыздыны; ауылдың көктемде жазғы жайлауға көшуін, гүлге, биік 
жас шөпке толған даланы; ақ киіз үйлерге сәуле шашқан ай нұрын; 
жазық кең даланың шексіз кеңістігіне күннің алғашқы сәулелері 
төгілген, таңды өлеңдеп суреттейді. Өткен батырлар ерлігі туралы, 
әсерлі әрі нәзік махаббат туралы, өжет жігіттер мен сүйкімді 
бойжеткен қыздар туралы – барлығы да ақындыққа бөленген, мұның 
бәрі көшпелі қазақ қоғамының өмірі, тұрмысы туралы көрнегі түсінік 
береді»
1
, – деп жазады өз зерттеуінде З.А. Ахметов. 
Қазақ халқының эстетикалық көзқарастары көп жағдайларда 
оның этикалық түсініктерімен тығыз байланыста. Халық өзінің 
эстетикалық сезімдерін білдіруде көбінесе оларды еңбекке, азаматтық 
борышын адал орындауға, азаматтық қажыр-қайрат көрсетуге және 
т.б. шақыру түрінде көрсетеді. 
Сол уақыттағы қазақтар санасындағы әсемдік – бұл, о дүние 
туралы түсінік емес, ең алдымен нақты жердегі өмір. 
Қазақ фольклорындағы бұл қасиетті ХІХ ғасырда академик В.В. 
Радлов атап өтті. «Қырғыз (қазақ. – Б.Қ.) өз өлеңдерінде қандай бір 
таңқаларлық әрі қорқынышты, ертегідей әлемді бағаламайды, 
керісінше – ол өзінің өмірін, өзінің сезімдері мен мақсат-мұраттарын, 
қоғамның әрбір мүшесін толғандыратын армандарды шырқайды, 
тыңдаушыларға аса күрделі әрі ғажайып емес, ал ақиқат бар нәрсе 
ләззат береді»
2
, – деп жазды ол.
Қазақ халқының көркем шығармашылығындағы орталық орында 
адам болады. Адамның шынайы абыройы оның мүлік байлығы емес, 
асқар ақылы, мейірімді жүрегі, сатылмайтын адалдығы саналған. 
Мұны дәлелдеуші «байлық абырой емес, ал кедейлік кемістік емес» 
деген мақал адал, ақылды, ер жүрек, жақсылық пен әділдік жеңісі 
үшін күресуге қабілетті адамдарды батырлар деп атаған. Олардың ең 
атақтыларының аттарын бізге аңыздар мен эпикалық поэмалар 
жеткізді. Қарапайым халықтан шыққан Сырым, Ер Тарғын, 
Қобыланды, Есет, Жанқожа, Бекет, Ер Назар сынды батырлар аттары 
көпке танымал. 
Эпикалық туындыны жазушылар халықтың өз батырларына, 
сыртқы және ішкі жаулардан, жаулап алушылар мен қанаушылардан 
1
Ахметов З.А.
О языке казахской поэзии. Алма-Ата, 1970, С. 25-26. 
2
Радлов В.В.
Образцы народной литературы северных тюркских племен. Ч. V. Спб., 1885, С. 8-9. 


308 
қорғаушыларына деген сүйіспеншілігін толық көрсетуде майын 
тамызып айтып беруге талпынды. Қаһармандарға ең жақсы адамдық 
қасиеттер берілген. Қаһарманның ақыл-ойының тереңдігі сонша, ол 
жауларының зұлым ниеттерін біліп, шешіп қоюға қабілетті, ал қара 
күшінің молдығы сонша, ол батырдың жалғыз өзі жауының басым 
күштерін жеңуіне мүмкіндік береді. Эпикалық шығармалардың 
жағымды кейіпкері жолындағы барлық қиыншылықтар мен 
тосқауылдарды жеңеді, ең күрделі әрі қиын жағдайлардан ол жеңімпаз 
болып шығады. Басқаша болуы да мүмкін емес – өйткені ол бүкіл 
халықтың қорғаушысы, қалың бұқараның мүддесін жеткізуші, ол 
халықтың ғасырлар бойы аңсаған жер бетінде еркіндік пен әділдіктің 
орнауы үшін, бақытты өмірдің болуы үшін күреседі.
Міне сондықтан, қаһарманға ғажайып күш пен таң қаларлық 
ақыл беріледі, өйткені ол бүкіл халықтың қара күшін өзінің бойына 
жинайды және батырдың адал досы және көмекшісі әрқашанда таң 
қаларлық ғажайып күші бар әрі епті ат болып табылады. 
«Ер Тарғын» поэмасында Тарғын батыр мен оның адал аты 
Тарлан былай суреттеледі: 
«Жау келгенін білген соң, 
Бұл әскерді көрген соң, 
Сарала туы салбырап, 
Сауытының шашағы 
Тұс-тұсына саудырап, 
Қабағынан қар жауып, 
Кірпігіне мұз тоңып, 
Жаурыны жазық, мойны ұзын, 
Атарына қолы ұзын, 
Құланды қақтан қайырған, 
Егескен ханды елінен, 
Алтын тақтан айырған, 
Ертеңнен салса – түсте озған, 
Ылдидан салса – төске озған, 
Оза, оза зырлаған, 
Басын тартса – болмаған, 
Көк айыл болып көпірсе, 
Айшылықты алты аттауға ойлаған, 
Артынан қиқу таянса, 
Қара терге боялса, 
Томауыл көрсе – қарғыған, 
Қарғи барып атылған, 
Атыла барып тік түскен, 
Аяғының дәңкімен 


309 
Қазандай тасқа жік түскен –
Томаға көзді Тарланды 
Жауға қарай тебініп, 
Жалмауыздай емініп. 
Толып жатқан әскерге 
Келді Тарғын желігіп»
1

«Әдетте батырда оның аты да болмашы ертегідегідей сынақта 
суреттеледі, бірақ та едәуір шындық тұрғысында беріледі. Жалпы 
алғанда, моңғол, ойрат және тіптен орыс батырлық жырларымен 
салыстырғанда, қазақ жырлары өздерінің ақындық әсірелеулерінде 
(гиперболаларында) орындырақ, және, сірә, күнделікті тұрмысқа 
жақын»
2
, – деп жазды академик А.С. Орлов. Эпикалық образдардың 
халық үшін өткенде де, осы күнде де өшпес құндылығы осы ақиқат 
өмірге жақындығымен түсіндіріледі.
Лирикалық жырлардың мазмұны әдетте махаббат тарихы болады. 
Лирикалық жырларда, батырлық жанрдағы шығармаларға қарағанда
ғашықтардың сезімдері мен қасіреттерін, басты кейіпкерлердің 
сыртқы және ішкі сұлулығын суреттеумен қатар, әсем көріністер мен 
тұрмыстағы оқиғаларға көбірек назар аударылады. Халық арасында 
кең тараған танымал поэма – ежелгі «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» 
поэмасы. 
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер бұл поэманың басты 
кейіпкерлерін дала Ромеосы мен Джульеттасы деп әділетті атайды. 
Оның мазмұны қысқаша мынадай: Қозы Көрпеш пен Баян туған 
кезінде күйеу мен қалыңдық деп атастырылып қойған болатын. Бірақ, 
жетім қалған Қозы-Көрпешке өз қызын күйеуге бергісі келмеген 
Баянның әкесі, оларды бала кезінде зұлымдықпен ажыратады. Есейген 
кезінде, боз бала өз қалыңдығын іздеуге жолға шығады, бірақ оны 
жаңа ғана-ақ тапқанда, Қозы-Көрпеш өз бақталасы Қодардың қолынан 
қайғылы қазаға ұшырайды. Баян сүйіктісінің жерлеуі кезінде жауызды 
өлтіреді де өз қанжарға құлайды. Ол қатал заманда оқиғаның бұдан 
басқа түйіні болуы мүмкін де емес еді, ру басшысы әрі жанұя әкесі 
жанұя мен рудың барлық мүшелеріне билік жүргізгенде, ешкім өз 
өмірінде жазасын тартпай, ру басының ықтиярына қарсы тұра 
алмайтын мұндай жағдайдың рулық-тайпалық қауымға әдеттегі оқиға 
екендігі туралы, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаттарының 
көңіл жібітетін тарихы қазақтар арасында ғана емес, басқа да түркі 
халықтарының арасында кең таралады. 
Қазақ халқы үшін маңыздылығы бойынша «Қозы Көрпеш – Баян 
Сұлу» поэмасының орны қырғыз халқы үшін «Манас» немесе неміс 
1
Батырлар жыры, 2-том.– Алматы: Жазушы, 2006. – 28-29 бб. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет