«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет45/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні


 
Алматы: Мектеп, 1972. 54-63-беттер. 
26
Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. 

 
Алматы: Ана тілі, 1981. 35-бет. 
27
Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. 

 
Алматы, 1979. 67-б. 


Тұрақты тіркестер де күрделі сөздер тəрізді еркін сөз тіркесінің қатарына 
жатпайды. Тұрақты тіркестер грамматикалық мағынаны емес, лексикалық 
мағынаны білдіреді. Бұл жөнінде жоғарыда аталған ғалымдармен қатар 
І.Кеңесбаев, Ғ.Смағұлов жəне басқа фразеологиялық сөздік авторларын 
атауға болады.
Тілімізде толық лексикалық мағынасы бар сөздер тізбегінен тұратын 
бірқатар тіркестер кездеседі. Зерттеушілер оларды салаласа байланысқан 
тіркестер немесе сөздердің салалас қатарлары деп атайды. Осы мəселеде 
«Қазақ тілі энциклопедиясында» салаласа байланысқан тіркестерде басыңқы, 
ұйытқы сыңар дегендер болмайды, олардың сыңарлары бір-біріне бағынбай, 
тең дəрежеде байланысады, сондықтан да олардың орнын алмастыруға 
болады, бірақ бұдан олардың табиғаты өзгеріп кетпейді деген мағлұмат 
берілген
28
. Ғалым К.Аханов та салалас тіркестердің орнын ауыстыруда оның 
грамматикалық мағынасына ешқандай əсерінің жоқтығын айта келе, бұл 
ерекшеліктің сөздердің салалас қатарлары мен сөз тіркесінің жігін ажыратуға 
көмектесетінін жəне олардың əр басқа құбылыстар екенін аңғартуға септігін 
тигізетінін айтады
29
. Ə.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов авторлығымен шыққан 
оқулықтан да осы түйіндемені кездестіреміз. өз тараптарынан қосқандары 
салаласа байланысқан тіркестерде бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар 
дегендер болмайды
30

Мұндай байланыстағы тіркестер сөз тіркесі сияқты болып көрінуі 
мүмкін. Салаласқан тіркестер де – толық лексикалық мағынасы бар сөздер 
тізбегінен тұратын тіркестер. Бұл жағынан сөз тіркесі ұғымымен сəйкеседі. 
Бірақ, 
ғалымдардың 
көрсетуінше, 
салаласа 
байланысқан 
тіркестер, 
біріншіден, бағыныңқы жəне басыңқы сыңар деген сөз тіркесі өлшеміне 
жауап бермейді: олардың сыңарлары бірыңғай мəнде, əрі тең дəрежеде 
қолданылады. Екіншіден, бұл тіркестер құрамындағы сөздердің бірін түсіріп 
айтуға немесе орнын алмастырып пайдалануға көнеді. Ондайда синтаксистік 
қызмет өзгермейді. Яғни, сыңарлардың орнын ауыстырып қолданудан
сөйлем құқрылысы бұзылмайды. Үшіншіден, жеке сыңарлардың сөз табына 
қатысы біржақты, көбіне бір ғана сөз табына бағынышты. Мəселен, 
төмендегі сатушы мен алушы, жарқын, əдемі сөздері осы өлшемдер шартына 
тəн: Сатушы мен алушыны мəмілеге келтіріп… (М.Мағауин). Өмірдің ең бір 
жарқын, əдемі сəтін құс тəрізді қолыса ұстағандай мазамды алды 
(Ш.Айтматов). 
Мұндай тіркестердің сөйлем мүшесі қызметіне келгенде, бірыңғай 
мүшелер деп берілетіндігі бар. Бірақ ол сөзтұлғалық қызметті жоққа шығара 
алмаса керек. Демек, синтаксистік тұлға ретінде қажетті қызмет атқаратын – 
басқа тұлғалармен синтаксистік амал-тəсілге көніп, байланысу формасы жəне 
сөз тіркесінің бір сыңары болатын, ең бастысы тіркесе келіп синтаксистік 
қызмет атқаратын – салаласқан тіркестер сөзтұлға синтаксисінің де жеке 
28
Қазақ тілі. Энциклопедия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет