«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 12- дəріс.
Тақырыбы: Синтаксистік тəсілдер.
Синтаксистік тəсілдер деп жіктеу ХХ ғасырдың ІІ жартысынан 
басталған
17
. Бірақ оның ішкі амал бірліктерінің қызметін А.Байтұрсынұлы 
ғасыр басында-ақ талдаған. «Сөйлегенде, жазғанда кімде болса ойын айтады. 
17
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. – Алматы: Қазмемоқупед баспасы, 1961. 22-б. 


Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне бірінің 
қырын келтіріп, қиындастырады»- дейді ғалым
18
.
Табаққа салған қуырдақтың буы бұрқырап тұр (С.Мұқанов). Сөйлемдегі 
сөздерді өзгермеген қалпында (табақ, сал, қуыр, бу, бұрқ, тұр) алып, 
сөздердің басын құрастыруға болмайды. Мұндағы табаққа сал, қуырдақтың 
буы тіркесімдері жалғаулардың амалынан пайда болған да, салған қуырдақ, 
буы бұрқырау тіркесімдері орын тəртібі амалынан туындаған. 
Кейіннен Қ.Жұбанов: «Байланысудың екі амалын – жалғау, жалғауыш 
арқылы байланысу амалдарын – есте ұстау керек. …ағаш үй, үй ағаш деген 
мысалдардағы сөздер орын тəртібі арқылы байланысқан; ал мен барамын 
деген 
мысалдағы 
сөздер 
байланысудың 
алғашқы 
амалына 
сəйкес 
қосымшалар арқылы жүзеге асқан»
19
– деп тиянақтайды.
А.Байтұрсынұлының ойын С.Аманжолұлы да жалғастырады. «Тіл жанды 
нəрсе, – дейді ол, - олай болса, оған жалғанатын дəнекерлер де жанды. 
Сондықтан жалғау, дəнекер дегендеріміз сөзге қалай болса солай жалғана 
салатын (былжыр, цемент сияқты) нəрсе емес, олар сөзді, орынды талғап 
жалғанады жəне керегіне қарай жалғанады»
20
. Мəселен, Үзілістен соң 
палуандар шабуылды бірден үдетті (С.Ə). Сөйлемішілік сөзтұлғалардың 
байланысқа түсуіне шылаудың дəнекерлігі де, жалғаулардың қызметі де 
қажет. Əйтпегенде Үзілістен палуан шабуыл бір үдетті тұлғасында 
тізбектеуде 
олардың, 
А.Байтұрсынұлы 
сөзімен 
айтсақ, 
“қырлары 
жанаспайды, біріне бірі қиындаспайды”.
Сонымен, сөз бен сөзді байланыстыруға дəнекер болатын амалдар – 
жалғаулар, шылаулар, сөздердің орын тəртібі жəне интонация. Бұл амалдар 
жоғарыда айтылған синтаксистік тəсілдердің ішкі бірліктері болып 
табылады, ал тəсілдер синтаксистік құралдың құрамынан орын алады. Ғалым 
Б.Шалабай синтаксистік құрал қатарына морфологиялық, лексикалық, 
синтаксистік, фонетикалық түрлерді жатқызады жəне олардың қызметін 
нақты да айқын түрде дəлелдейді
21
. Осылардың ішінде сөзтұлға бірліктерін 
байланыстыруда морфологиялық, синтаксистік, ішінара фонетикалық 
құралдың қызметі басым болып келгенімен, лексикалық құрал көрінісі 
солғын, тіпті болмайды. Оның себебі де түсінікті. Бұл құрал қызметіндегі 
бірліктер 
«Күрделі 
синтаксистік 
тұтастық 
жəне 
құрмалас 
сөйлем 
құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырады»
22



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет