«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет37/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 8- дəріс.
Тақырыбы: Синтаксистік қатынастар.
Синтаксистік қатынас – сөздер байланысының негізінде өрбіген жеке сөйлем 
құрылысындағы ұйымдастырушы тілдік бірліктер. Сөйлем ішіндегі 
синтаксистік қатынастардың екі типі бар. Біріншісі – предикаттық қатынас. 


Бұл сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың өзаралық қатынасы, сөйлем 
құрылысының ең басты тəсілі, сөйлемнің лексика-грамматикалық негізін 
құрайтын сөздердің болуы
15
. Басқаша айтқанда, сөйлемдегі негізгі 
мүшелердің орайласа байланысуынан туындаған нəтиже: Бұл пойыздың Шу 
мен Мойынқұм өлкесіне таяп қалғанының хабары еді (Ш.Айтматов). 
Сөйлемдегі бұл мен хабар еді сөзтұлғаларының қатынасы осыдан өрбіген. 
Предикаттық қатынас құрмаластық құрам мен мəтіндік құрылымға да тəн. 
Мұндайда қатынас түрінің əр синтаксистік компонент бойынан, мəтін үшін 
əр сөйлемдік тұлға бойынан табылатынын ескерген жөн: Жауап бар да, 
айтуға аузы барар емес (Ғ.Мүсірепов). Арқа тұстан əлден уақытта таң 
сібірлеп, маңай тұманнан арыла бастады (Д.Досжанов). 
Екіншісі – предикаттық емес қатынас. Предикаттық емес қатынастың 
анықтауыштық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық түрлері кездеседі. 
Мұндай қатынас түрлерін сөйлем мүшелері түрлерінен ажырата қарау қажет. 
Бір жағынан олардың өзіндік жақындықтары да бар. Аталымдары жақын
тіпті бірдей талдауға да көне береді. Мəселен, сөйлем мүшесінде болатын екі 
жақты 
қатынас 
(анықтаушы 
мен 
анықталушы, 
пысықтаушы 
мен 
пысықталушы) синтаксистік қатынасқа да тəн. Бірақ синтаксистік қатынас 
сөздер тіркесімі мен сөйлемнің ерекшеліктеріне негізделеді. Сондықтан да –
тық қосымшасымен айтылса керек. Ал сөйлем мүшелері тек сөйлемнің 
ерекшелігінен өрбиді.
Анықтауыштық 
қатынас 
сын-сапалық, 
сан-мөлшерлік, 
меншіктік 
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде 
қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). Сөйлемнің 
ішіндегі анықтауыштық қатынасқа дөңгелек, қызғылт, күңгірт сөздерінің 
жұмсалуын жатқызар едік. 
Толықтауыштық қатынас – қимылдық немесе сапалық күйдің затқа тікелей 
немесе жанама түрде ауысып түсуіне байланысты тура объектілік 
қатынастарды білдіреді. Мысалы: – Не əкелгенімді білемісің саған? 
Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов). Мұндағы не əкелгенімді, 
саған, машинаны сынды сөзтұлғалар толықтауыштық қатынастың көрінісі. 
Пысықтауыштық қатынас – мезгілдік, мекендік, себептік, мақсаттық, 
амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Əсіресе, Ұйғыр көшесі 
сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер 
тіпті көп болатын (Ə.Нұршайықов). Сөйлемдегі қос сөздер мен сырт 
аймақтарда сөзтұлғаларын осындай қатынасқа жинақтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет