«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет40/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
16
Бегалиев Ғ. Құрмалас сөйлем. – Алматы: Қазмембірбас, 1941. 20-б. 


 
 
 
№ 11- дəріс.
Тақырыбы: Синтаксистік құралдар. 
Синтаксистік құрал көрінісі құрмаластық құрылымда тіпті айқын. Тек 
онда синтетикалық тəсіл амалы ретінде жалғау түрлері емес, алғашқы сыңар 
баяндауышының көсемше, есімше, шартты рай тұлғаларында жұмсалуы 
беріледі. Мұны синтетикалық тəсілдің кеңею жолдары деп түсінген жөн. 
Қараңыз: Ауылдан келген үш-төрт кісі, Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам 
жағып, көрпе салып болмай-ақ, үсті-басы қырау, қасқыр ішікті, түлкі 
тымақты жуандар кіре бастады (С.Көбеев). Балықшы қарттың момын жүзін 
көргенде, мамасы, анау өзінің адуынды түрінен ыңғайсызданып қалған 
сияқты (Ə.Нұрпейісов). – Ол балаларымның анасы. Жақсы анасы болса, 
жақын досым. Оған қанағат қылмаса, бетінен жарылғасын (М.Əуезов).
Сондай-ақ, құрмаластық құрамда аналитикалық тəсіл амалы ретіндегі 
шылаудың қолданылу аясы кеңиді. Енді ол жалғаулық шылауларды да, 
септеулік шылаларды да материал етеді: Күндегі қалыппен Ғайша бірсыпыра 
отырып, қойшы бала кіріп, көзін қысып, дамыл бермеген соң, шапанын 
бүркеніп далаға шықты (С.Көбеев). Ең аяғы болымсыз болса да, тыныс алған 
дыбыс та білінбейді (М.Əуезов). Жолдас өкіл, Дəлірбайдың арызын 
тыңдаймыз ба, əлде жиылыстарыңызды өткізесіз бе?- деді біреу (Б.Майлин). 
Интонация қызметінің артуы да құрмалас сөйлем құрамында ерекше: 
Ахмет, сіз айтыңызшы, бұл неғылған ғажап планета? (Б.Соқпақбаев). 
Интонацияның амалдық қызметі салаласқан бірліктерде (салалас тіркестер 
мен салалас құрмалас сыңарлары) барынша кең де, сабақтасқан бірліктерде 
(сөз тіркесі мен сабақтас сыңарлары) мейлінше кем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет