«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні
Есептеу техникасы және ақпараттық технологиялар туралы бастапқы мәліметтер, Лекция 5, -9786012475470 convert compress (1), 7-тақырып. Бизнес-мадениетті қалыптастыру.
Негізгі əдебиеттер

А.Байтүрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 


2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 
3. С.Аманжолов. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1994 
18
Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы: Ана тілі , 1992. 263-б. 
19
Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 1999. 50-б. 
20
Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат , 1994. 41-б. 
21
Хасанова С. , Əбдіғалиева Т., Қасабекова Қ., Шалабаев Б. Кестелі грамматика. – Алматы: Ана тілі, 1996. 
174-177 бб. 
22
Аблақов Ə. , Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тілінің сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. – Алматы: 
Санат, 1997. 56-б. 


4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971. 
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992. 
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996. 
№ 13- дəріс.
Тақырыбы: Сөзтұлға синтаксисі.
Синтаксис сөзінің беретін мағынасы «құрау, құрылым» екені белгілі. Бұл 
жағынан келгенде, синтаксис кемі екі тілдік бірліктің бір-бірімен 
грамматикалық байланысынан туындайтын нəтиже. Синтаксистің негізгі 
зерттеу нысаны болып сөз тіркесі мен сөйлем танылатыны да даусыз. Сөз 
тіркесі сөйлем құраудың материалы ретінде жұмсалады. Тіл білімінің, оның 
ішінде синтаксис ғылымының дамуы барысында сөз тіркесі синтаксисі 
жалпы түркологияда арнайы зерттеліп, осының нəтижесінде оның ішкі 
мазмұны айқындалды, кейбір мəселелердің одан əрі зерттелуіне жол 
ашылды.
Мұның үстіне сөздің де сөйлем материалы болып жұмсалатынын айтып 
қаламыз. Бұл дұрыс та. Сөз сөйлемге ғана емес, сөз тіркесі үшін де тілдік 
құрал. Тек кемі екі толық мағыналы сөздің сөз тіркесін құрайтыны шындық. 
Онда сөз тіркесі синтаксисіне дейін тағы бір синтаксис саласының бары 
анықталады. Шын мəнінде де, сөз тіркесі – тілде анықталған кемі екі 
бірліктің грамматикалық байланысы. Тілдегі жеке сөз болсын, бір ұғымға ие 
күрделі тілдік бірліктер болсын, ең алдымен өзара байланысқа түседі. Яғни, 
синтаксистік амал-тəсілге бағынады. Синтаксистік амал-тəсілдің тілдегі 
көрінісі – интонация, орын тəртібі, шылау жəне жалғау түрлері. Синтаксистік 
амал-тəсіл екі тілдік бірліктің байланысу түріне (формасы) əкеледі. Олар 
тілде бес түрмен белгіленеді: қабысу, матасу жанасу, меңгеру, қиысу. 
Аталған екі синтаксистік тұлға (амал-тəсіл жəне байланысу түрлері) сөз 
тіркесінің нысаны емес. Егер олай болса, сөз тіркесінің амал-тəсілдері, сөз 
тіркесінің байланысу түрлері болып шығар еді. Бұл дегеніңіз – кемі төрт 
толық 
мағыналы 
сөздердің 
бір-бірімен 
грамматикалық 
байланысы. 
Сондықтан сөзтұлға синтаксисі ойдан құрала қалған жоқ. Тілде бар тілдік 
бірліктер жиынтығынан, демек синтаксистік амал-тəсіл мен сөздердің 
байланысу түрлерінен, туындады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет