Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат


«Сіздің ойыңызша Қазақстанда бюджеттің



Pdf көрінісі
бет20/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
ҚҚЗТ МЕК сұрақтары
«Сіздің ойыңызша Қазақстанда бюджеттің 
гендерлік талдауының өзіндік әдістемесін 
жасаудың қажеттілігі бар ма?»
деген сұраққа 
жауап алу барысында біз сарапшылар тарапынан
арнайы әдістеме дайындаудың қажеттілігіне 
деген сенімділік байқадық (15 адамның 11). 
Мәселен, 2-С өз ойын былай білдірді: 
«Иә, 
әлеуетті әйелдер ұйымдары мен ұлттық
комиссияның қатысуымен, бірақ халықаралық 
тәжірибенің негізінде
».
«Қазақстан бюджетінің қандай шығындық 
салаларын гендерлік сипатта деп атар едіңіз?» 
деген сұраққа сарапшылардың көпшілігі (15-тің 
12-і) әлеуметтік салаларды атап көрсетті: 
денсаулық сақтау, білім, балаларға арналған 
жәрдемақылар, 
жүктілікке, 
босануға 
және 
баланың тууына қатысты әйелдерге арналған 
жәрдемақылар, еңбек қатынастары, қала, аудан, 
облыс бюджеті. 11-С гендерлік сипаттағы 
салаларға «
бірінші кезекте әлеуметтік және 
экономикалық, сосын орынды болған жағдайда 
саяси салалардың
» жататындығын атап көрсетті. 
Бірнеше сарапшы (3 адам) гендерлік сипаттағы 
салаларды сеніммен атай алмады.
Барлық сарапшылардың 
Қазақстанда гендерлік 
саясатты 
жүзеге 
асыруға 
арналған 
шығындарды 
жеткіліксіз
деңгейде
деп 
санайтындықтарын баса айту керек. 3-С 
«Мүлде 
жеткіліксіз!»
деген ойын білдірді. 
«
Қазақстанның бюджеттік саясатын гендерлік 
тұрғыдан алғанда «соқыр» деп атауға бола 
ма?»
деген сұраққа 13 сарапшы бір ауыздан «Иә» 
деп жауап берді, соның ішінде 7-С ойын 
эмоционалды түрде былай деп білдірді: 
«Иә. Дәл 
солай деп атауға болады!»
Тек 1 сарапшы ғана 
былай деп жауап қатты: «
Олай деп айта 
алмаймын, себебі әлеуметтік бөлік оны анық 
есепке алады. Экономикалық бөлік те онымен 
формалды түрде болса да есептеседі
».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет