Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
Байланысты:
ҚҚЗТ МЕК сұрақтары
Жағдайға 
байланысты 
45 %
Жоқ, қажеті жоқ 
35,1 %
Ата-ананың 
қалауына қарсы 
келуге болады 
19,9 %


 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
25
D.30. Сіздің ойыңызша үйленгісі келген 
жігітке ата-анасы қарсы болса, оның 
некеге отыруына бола ма? 
 
Бұл сұрақ бойынша респонденттердің пікірлері 
бір-біріне ұқсас келеді. Ондай некені мүмкін емес 
дегендер (27,4 %) мен жағдайға қатысты мүмкін 
дегендердің (27,4 %) саны тең. Әйелдердің 
көпшілігі «Жағдайға байланысты» деген жауапты 
таңдады (53,7 %). Бұл жерде жағдай деп қыздың 
жүкті болып қалу ықтималдығы айтылып отыр. Ер 
адамдар арасында жігіт ата-анасы қарсы болса
үйленбеуі керек деп санайтындардың үлесі 8 %-
ға артық. Аға буын арасында «Жоқ, қажеті жоқ 
болу керек» деген жауапты таңдағандардың үлесі 
жоғары (35,6 %). 31 - 45 жас аралығындағы топ 
көбінесе жағдайға қарау керек деген пікірді 
қолдайды (50,4 %). Орта білімділердің көбі ата-
ананың батасын алмай отау құруды сөгеді (32,8 
%). Жоғары білімді респонденттер бұл жерде де 
некені қолдайтын жағдайларға үміт артады (52,3 
%). Ауыл тұрғындарының арасында ата-ана қарсы 
болса, тұрмыс құрудың қажеті жоқ деп 
санайтындардың үлесі 4,4 %-ға артық. Ал қала 
тұрғындарының көпшілігі не істеу қажет екендігін 
білмейді немесе барлығы жағдайға байланысты 
деген пікірді бөліседі.
D.31. Сіздің ойыңызша әйел-ананың 
сәбиіне қарау үшін декреттік демалысқа 
шығып, үйде отырғаны дұрыс па? 
Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі 
(85,1 %) әйел-ананың декреттік демалысқа шығуы 
қажет деп санайды. Тек 7,6 % ол міндетті емес 
деген пікірде. Әйелдің декреттік демалысқа 
шығуы 
міндетті 
емес 
деген 
пікірді 
қолдайтындардың 
арасында 
әйелдермен 
салыстырғанда ерлердің үлесі 1,8 %-ға жоғары. 
Олар әйел өзінің қызметі мен сәбиге қарауды 
бір-бірімен үйлестіре алар еді деген ойда. 
Әйелдердің 86 % бала күтіміне байланысты 
демалыста болғанды жөн деп санайды. Декреттік 
демалысқа 
шығудың 
қажет 
жоқ 
деген 
пікірдегілердің 
басым 
көпшілігі 
олардың 
экономикалық тұрғыдан ең белсенді топ 
екендігіне қарамастан – 31 - 45 жас 
аралығындағы топ өкілдері (9,3 %). Мұндай 
көзқарас ананың міндетін жақын туыстарға 
немесе балабақшаларға жүктеуге болатын 
мүмкіндікпен 
байланысты 
болуы 
керек. 
Респонденттердің көпшілігі – жоғары білімділер 
де, орта және арнайы орта білімділер де (86,2 % 
және 83,5 %) – әйел декреттік демалыс алып, 
баласына қарауға тиісті деген пікірде. Басқа ұлт 
өкілдерінің 15 % декреттік демалысқа шығуды 
қажет емес деп санайды. Қазақстанда тұратын 
бірқатар ұлттардың өкілдері әйелдің үйден тыс 
жұмыс істеуін маңызды деп ойламайтындықтан 
декреттік демалысты да қажеттілік ретінде 
танымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет