Ќазтўтынуодаєы



бет50/59
Дата22.12.2021
өлшемі0,88 Mb.
#9920
түріНұсқаулар
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59
Әдістемелік нұсқаулар:

Бірінші сұрақта фирма өз өнімін бәсекелі нарықта сататын және оған қажетті ресурсты жетілген бәсекелі нарықта сатып алатын фирманың өндіріс факторларына сұраныс ерекшеліктері қарастырылады. Шекті талдауды қолдана отырып, қалай фирма пайдасын арттыру үшін өндіріс факторларының тиімді санын анықтайтынын талдаңыз. Ресурстың шекті өнімінен табыс (MRPPEC) пен ресурстарға шекті шығындар (MIC) қалай қолданатын ресурстар санына әсер етеді? Графиктің көмегімен жетілген бәсеке шарттарында фирманың ресурсқа сұраныс қисығын көрсетіңіз. Жетілген бәсеке нарығында ресурстарға сұранысты анықтайтын параметрлердің өз ерекшеліктері болады. Анықтаңыз, неге MRPPEC =VMPPEC және MRPPEC = PPEC (P- ресурс бағасы).

Анықтаңыз, неге жетілген бәсеке нарығында ресурсты ұсыну қисығы көлденең түзу және неге SPEC= MIC.

Ресурстарға фирманың сұраныс өзгерісі қандай факторларға байланысты екенін анықтаңыз.

Екінші сұраққа жауап беру үшін монополияның өндіріс факторларына сұраныс ерекшеліктерін анықтау керек. Талдау барысында фирмалар келесі жағдайларда қандай шешім қабылдайтынын анықтаңыз:

а) фирма жетілген бәсеке нарығында өзіне керекті ресурсты сатып алады, және өз өнімін монополия нарығында сатады;

б) фирма ресурстар нарығында монопсонист ретінде болады және де өз өнімін бәсекелі нарықта сатады;

в) фирма бір уақытта дайын өнім нарығында монополист және ресурстар нарығында монопсонист. Барлық жағдайларды графиктің көмегімен көрсетіңіз;

г) екі жақты монополия.

Үшінші сұрақта ресурсқа салалық және нарықтық сұраныс мағынасын түсіну керек. Көрсетіңіз, салада факторларға сұраныс икемділігін қандай факторлар анықтайды? Нарықтық сұраныс қисығын қалай алуға болады?

Берілген сұраққа жауап беру барысында аз шығындар мен пайданы мейлінше арттыру ережелеріне назар аудару керек. Аз шығындар ережесі: өнімнің кез келген көлемінің өндірісіне шыққан шығындар минималды болады, егер әрбір қолданған ресурстың құнының бір теңгесіне келетін шекті өнім бірдей болса. Шығындардың азаюы мына жағдайда болады: MPL/PL = MPK/PK. Пайданы арттыру үшін шығындарды азайтудың жеткіліксіз екеніне назар аудару керек. Үлкен пайдамен шығару көлемі MR=MC болғанда болады. Ресурстар нарығында пайданы арттыру ережесі: MRPL/PL = MRPK/PK = 1. Толық талдау үшін мына әдебиетті ұсынамыз: Макконнелл К.Р:, Брю С: Экономикс. В 2-х т. Т.2. Глава 29. С.142-155.



Каталог: attachments -> article -> 722
article -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015
722 -> Нұсқаулар 050506- экономика 050507- менеджмент 050508- есеп және аудит
722 -> Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет