Б. Б. Ерниязова



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата08.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#167986
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
6.5 Ген клонын кӛбейту 
Қазіргі кезде ген инженериясында ген клонын кӛбейтудің екі әдісі кең 
қолданылуда: геномның жеке фрагментін (кДНҚ-ны қажет геннің мРНҚ 
молекуласынан кері транскриптаза ферменті кӛмегімен алу) және барлық 
геном клонын кӛбейту. 


58 
Комплементарлы ДНҚ (кДНҚ) клонын кӛбейту әдісін ағзаның қайсы 
жасушаларында қажет нәруыз синтезделетінін білгенде ғана алуға болады. 
Оның үстіне нәруыздың синтезделуі анағұрлым кӛп мӛлшерде ӛтуі керек, 
тек сонда ғана жасушада қажет нәруыздың мРНҚ-ның кӛшірмелері кӛп 
болады және осыған сәйкес кӛптеген негативтік шоғырларда іздеп отырған 
геннің 0 кӛшірмелері бар деп есептелінеді. 
Бірқатар жағдайларда нәруыз синтезделетін жасушаларды табу мүмкін 
болмайды, ал кейде қажет нәруыздың синтезделуі мардымсыз ӛтеді. 
Осыларға байланысты геномның қажет фрагментін (генін) синтездеу іске 
аспайды, ӛйткені матрицалық мРНҚ-ны жасушадан бӛлу ӛте қиынға 
соғады. Мұндай жағдайда ген клонын кӛбейтудің екінші — геномның 
барлық ДНҚ-сының клонын кӛбейту әдісі колданылады.
Барлық геномның клондарын кӛбейту. (ДНҚ-ның жеке фрагментінің 
клонын кӛбейтуге қарама-қарсы) шотган-эксперимент (ағыл. shotgun — 
бытыра мылтық: бірнеше бытыраның бірі нысанаға тиеді, яғни кӛптеген 
гендерден қажет біреуін сұрыптап алуға болады) деп аталады. Бұл әдістің 
мәні - кез келген ағзаның жоғары молекулалы ДНҚ-сын механикалық 
түрде (мысалы, гидродинамикалы әдіспен немесе ультрадыбыстың 
әсерімен) немесе рестриктазалармен әртүрлі фрагменттерге ұсақтайды. 
Соңғы кезде рестриктазалар жиі қолданылады. Мұнда кажет геннің 
құрылымы белгісіз болғандықтан, алдын ала рестриктаза таңдау мүмкін 
емес, сондықтан тәжірибеде бірнеше ерекше рестриктазалар қолданылады 
және олардың бірі ағзаның басқа гендерімен қатар қажет генді де үзе 
алады деп есептелінеді. Басқаша айтқанда, бұл әдіс арқылы табиғи генді 
бӛліп алуға болады. Ары қарай бӛлінген кӛптеген әртүрлі ДНҚ 
фрагменттері векторларға жалғанады. Міне, осындай ағзаның барлық 
геномын сипаттайтын рекДНҚ-лар жинақтамасы генотека немесе гендер 
жинағы деп аталады. Гендерді генотекада плазмидалық рекДНҚ-түрінде 
(этил спиртінің тұнбасында), әсіресе рекомбинантты лямбда фаг 
суспензиясы түрінде (температурасы 0°С тең антисептиктер бар ортада) 
сақтау ӛте ыңғайлы. Басқа жағдайда рекомбинантты фагтарды бактериялар 
клондарында да сақтауға болады. Мұндай клондарды оқтын-оқтын жаңа 
қоректік орталарға ауыстыру қажет. Аталған жұмыстардың кӛмегімен кез 
келген ағзаның гендер жинағын алуға болады. Бұл қызықтыратын 
жұмыстың қиындықтары кӛп, олардың түрлі зерттеушілер әр қилы 
әдістерді қолданып жеңуде. Қазір әлемнің жүздеген зертханаларында 
гендер жинағы құрастырылды. Гендер жинағы ғылыми эксперименттік 
жұмыстарда және биотехнологиялық бағытта қолданылуда. 
Кері транскрипцияның ашылуы құрылымдық гендердің жинағын 
құрастыруға мүмкіндік берді. Оларды гендерге сәйкестендіріп, 
комплементарлы ДНҚ генотекасы деп атайды, ӛйткені кДНҚ еш уақытта 


59 
қажет генге толық сәйкес келмейді, сонымен қатар, онда қосымша 
тізбектер де бар. 
Белгілі бір ағзаның толық геномы клонын кӛбейту үшін қажет гендер 
жинағының мӛлшерін геномның - молекулалық массасы (М) мен 
фрагменттің орта мӛлшерін біліп және дәлдік деңгейді (Р) таңдап, 
анықтауға болады: N =M (n * 1n) - 1-P 
Қоянның барлық геномын сипаттайтын гендер жинағын құрастыру 
үшін жоғары дәлдік деңгейде 920 мың клондар қажет. Ген 
инженериясының дәстүрлі нысаны — Е.соlі бактериясының гендер 
жинағын дайындау үшін анағұрлым аз клондар саны қажет - 1,4 мың. 
Сүтқоректілердің геномы үшін ең долбарлы есеп бойынша 800 мың - 1 
млн. клондар санынан құралған гендер жинағы қажет. Эукариоттық 
ағзалардың гендер жинағын алу үшін олардың барлық ДНҚ жиынтығын 
гидродинамикалық әдіс арқылы фрагменттерге бӛліп, вирустарға енгізеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет