Бақ ЖӘне экология оқу құралы Алматы 2013


Орталық Қазақстан 19 ақпан, 1998ж



бет7/18
Дата29.12.2021
өлшемі329,5 Kb.
#106001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
treatise7069
Әтак 5 дарис
Орталық Қазақстан 19 ақпан, 1998ж.

Менің жеке архивімде «Семей таңы» газетінің 1990 жылы 12 қыркүйекте жіберген жауап хаты жатыр. Онда былай деп жазылған:

Қымбатты К. Есенғарин жолдас!

Семей қаласының ғылыми зерттеу мекемелерінде, сондай – ақ жоғарғы оқу орындарында сіздің жер сілкінісі мен ядролық энергия қалдықтарының өзара байланыстығыжөніндегі болжамыңызды толық түсінідріп бере алатын мамандар табылмады. Сәлеммен, идиология бөлімінің қызметкері Р.Смағұлов» деп қол қойылған.

Менің редакцияға жолдаған хатымда жер сілкінісі және ядролық энергия қалдықтары туралы еш нәрсе жазылмаған болатын. Онда алдағы уақыттарда Шаған өзенінің бойында, Атымьай жазығында жер сілкінісі емес, жер жарлысы болуы мүмкін, соның салдарынан терең жер астындағы ядролық сынақтардан жинақталған улы заттар жер бетіне тарап орасан зор апат болуы мүмкін, сондықтан Семейдің ғылыми –зерттеу орындарының осыған зер салуын сұраған едім.Редакция менің бұл хатымды жоғарғы оқу орындары мен ғылыми –зерттеу институтына жолдапты, оған қайтарған жауабы жоғарғыдай. Ал мен болсам сол жерде тұрған халықтардың полигоннан тартып отырған зардаптарына қосымша тағы бір апаттың болатындығынәулиелікпен емес, күнделікті көргендерімесүйеніп жаздым. Мен көп жылдар бойынаШаған өзенінің бойындағы Атымтай жазығындағы бір қыстақта қой бақтым. Мене басқа ол жерде совхоздың екі табын жалқсы бағылды. Біздің мал бағатын жайылымымызғаәскерилер бұрғы салып, айына екі рет жарылысжаспа тұрды. Әсіресе 80- жылдарға таман Америка мен Кеңес атомшылары бір- бірімен бәсекелесе атып, Атымтай жазығының ойранын шығарады. Жарлыстардан кейін жер балқып, бұрынғы теп-тегіс жазықта теңіз бетіндегі толқын сияқты жалжал белестер пайда болады. Ол жерлерді қазыр де көруге болады. Үнемі мал соңында жрген шопанжердің мынандай өзгеріс түгіл, жайылымдағы әрбір тұп бұта, қараған, тобылғы, тастардың өзінауылдың адамындай жатқа таниды. Ал менің қонысым- Атымьай жағындағы әрбір ядролық жарлыстардан кейінтөбелер жазылып,ой жерлері тегістеліп, кей жерлері буаз әйелдердің ішіендей мезгілсіз томпайыпшыға келетіндігі маған күдік тудыра бастады.Осыдан кейін «Семей таңы» газеті арқылы облыстың білгір мамандарының пікірлерін білмек болып жазған хатыма жоғарғыдай жауап келді. Тегі олар мені қой соңында жүрген көп «есуастардың» бірі деп ойлаған болар.

Алайда күдігім мені алдамапты. 1992 жылы сәуір айының 13-күні кешкі сағат 8-ден кете мен айтқан Атымтай жазығындаөз-өздігінен жер қопарылып, күшті жарлыс болды. Жарылған жердің топырағы 2-3 км-дей биіктікке көтеріліп шаңы аспанды алып кетті. Саржал ауылының халқы 2-3 баллдық жер сілкінісі анық сезілді. 600 ьасқой екі жылқы табанда өлді.2500 бас қойдың терілері күйі, жүндері жидеп түсті. Совхоз директоры Мұратхан Қорғанбаев облыстан көмек сұрады, кейбір жоғарғы лауазымды адамдарға телеграмма жіберді. Ақыры құрамында Қорғаныс министрлігінің, әртүрлі мамандықтардың өкілдері бар комиссия жарлыс орнын «егжей-тегжейлі» зерттеп жарлысқа кінәлі жер қабаттарында кездесетін метан газы деп тапты. Жер астындағы жарылған метан газы ұзындығы 70, ені 15метр ( тереңдігін болжау қиын болған) жерді қопарып жарлыс жасады деп комиссиядағылар акт жасады. Комиссия құрамына кірген совхоз директоры Қорғанбаев бастаған Саржал ауылының тұрғындары комиссияжасаған жалғыз бұл емес, басқадай қортынды актілеріне кезінде қарсылық білдірген болатын.Метан газы көмір кендерінде басқа да жер қабаттарында болатындығына біздің дауымыз жоқ.Қопарлыс болған жердің астында көмір жатқанында жақсы білеміз. Бірақ метан газы жарлыс жасу үшін шахтадағыдай газ жинақталатын ауасыз (вакум) бос орын болу керек. Ал онсыз жер қыртысында кездесетін метан газы атыла берсе, жер бетіндегі жанды- жансыздың бәрі де баяғыда қырылып қалмай ма?



Біздіңше қопарлыстың тууынаметан газ емес 40 жылдан астам жүргізіліп келген жер асты ядролық сынақтары. Содан пайда болып, сығымдалған улы газдар қысымы жерді күшпен жарыпөтіпқопарылс жасаса да, комиссия құрамындағы мырзалар шындықты халықтан жасырды. Радиацияның мөлшерден тыс зардабына ұшыраған 2500 бас қойды комиссия құрамындағы ферма бастығы Дүрмекбаев Нұрғазыға ет комбинатына айтады.Ет коминатының қарсылығына қарамастан облыс бастықтары ауру малды етке өткізіп, сойдырған Сөйтіп радиоактивті улы газдармен уланған қойлардың еті консервісі ,шұжығы полигон аймағынан тыс жатқан халықтардың улануына ауру срықаға ұшыратуына облыс бастықтары мен комиссия мүшелері ашықтан-ашық жол берді.Іс мұнымен біткен жоқ. 80-жылдары «Семей таңы» мен «Иртыш» газеттерінде полигон бастығ, генерал Ильенконың мақалалары, сөйлеген сөздерді марапатталып жазылып тұрды. Ол тамағы жыртылғанша айғайлап, полигондағы ядролық жарлыстардың адамдар денсаулығына тигізер қауіптері жоқ, улы газдардың бәрі де терең жер астында сүзіліп қалып қояды, ал жер бетінде шығатын газдар залалсыз деуден бір тынбады. Сол генерал Ильенконың терең жер астына тығын тастаған улы газдары 1992 жылы 13 сәуірде жер астынан айдаһарша атылып шықты ғой. Ол жай атылмады саржалдықтардың мал- жандарымен қоса полигонныңсол маңдағы стратегиялық мәні бар құпия қалашығы Аргонды бір жола жутып қойыпты. Оған тұрғындардың құлаған орындарынан 30-35 км шамасында №10 немесе қазыр №300 деп аталтын учаскеде жер астында атом электр станциясы тұр. Күні ертең Аргон қалашығы сияқты өзі ғана жалығып қоймай, жергілікті халыққа Чернобльдің кебін кидірмесіне кім кепіл? Бұрын өздерінің халыққа жасаған зұлымдықтарына онша мән бермейтін полигон басшыларына 13 сәуірдегі жарлыс өз бастарына қауып төндіреді. Атымай жағасында жаппай жарлыс болып, жер астындағы үлы газдар жер бетінде бір – ақ бұрқ етіп шығуынан қорыққан олар бұрынғы жарлыс орындарын терең бұрғылып, диаметірі 25-30см бірнеше оңдаған трубаларды350-400 метр ттереңдікке қақты. Солар арқылы жер астындағы улы газдар қатты қысым күшінен жанып шығып, аспанға атты. Ядролық жарлыс тоқталды деп тымақтарын аспанға лақтырған Семей өңірінің халқы ендігі жерде улы газға тұншықтырылды. Атымтай жазығы басқалар үшін жабық зонаға айналды.Бізідң аз ауыл Саржал халқы 40 жыл бойына полигонның астында қалып, соның зардабын шекті, адамдардың ине жұтқан иттей өлім-жетімге ұшырады, жазылмайтын дерттерге душар болды. Халық бірнеше рет елеулерге шықты Ең ақырында облыстың әкімі Черновтан бізге таяу орналасқан№1325,1388,1368,және 1331 номерлі (Чурек, Атымтай, Балапан, Балықтыкөл деп те аталады) атом көлдеріндегірадиация фонын өлшеуге өзімізді қатыстырып, арнаулы комиссия жіьеруді талап еттік. Сонымен қоса олардың Россиядан шыққан дозиметірлерді емес, жопон немесе немісдозиметірлерін пайдалануды ұсындық. Ақыры 1992 жылы 3- көкекте комиссия келіп радиациялық фон сағатына Чурек атом көлдеріне 200-250, Атымтай атом көлінде 1500-3000,№131 скважинада 2300-2500 микроренттге жеткендігі туралы акт жасалды. Көкек айының аяғына иаман Жапониядан дүниежүзі көрермендеріне таныс «Босоногий ген» мультфильдерінің авторлары Накадзава сан (кэйдзи) Масаюки, Хаяси, Хироси, Саканл тағы басқалар Саржал жерін киноға түсірмек боп, алдымен № 131 скважинаға барып радиация фонын өлшегенде 10000 мкрренгенге жеткеін көріп машиналарына мініп тұра қашқанын халық біледі. Бір шетелдік ғылым ядролық жарлыс орындарын тесеріп, түңілгендіктен болар: «Саржал жері атом шоғына қыздырылған таба, халқы тірідей табағақуырылып жатқан балық» десе, 1992 жылы Германиядан шығатын «Шпигель» журналы Саржалдың картасын сызып оның лапылдаған өрт ішінде тұрғандығын көрсе дері Атымтай жазығында екі күнде 10-нан астам ядролық жарлысқа жергілікті халық рұқсат етсе, бес миллиард сом ақша деп облыс басшсы Бозтаев халықтан рұқсат сұраған еді, оған халық көнбеді. Осыдан кейін біраз уақыт өткенде екі жарлыс емес, оннан аса ядролық жарлыс жасады. Жергілікті ауылдың кеңестің төрағасы К.Дүркенбаев және бір топ ауыл тұрғындары назарлық білідріп облыс әкімі В.Ф. Черновтың атына хат жолдады. Бұл назарлық хатқа 30 қыркүйекте: «15-16 қыркүйекте полигон басшыларының облыс және аудан әкімдерінің келісімінсіз, сондай ақ жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарына ескертпей, бірнеше жарлыс жасалғандығы белгілі болды. Обылыс әкімшілігі полигон басшыларына мұндай фактілерге жол бермеу жөніндегі қатаң ескерту жасады» деген жауап алдық.Екі жарлыс үшін бізге тиесілі 5 миллиард сом ақша осылай кей басшылардың қалтасына құйылған түрі бар. Оларға полигон тарапынан мұндай олжа бұрын да тұратынын естігенбіз. Әрбір ядролық жарлыстар кезінде Москва полигон басшысына жергілікті мұқтажға немесе полигон маңына таяу орналасқан халықтардың назарлығын «қадағалу » бір миллиард сом ақша босатып отырған. Зардап шеккен халыққа мұндай ақша берілмегені анық,сонда бұл ақша кімдерге берілген?

1990 жылы 22- шілдеде «Известия»газетінде меншікті тілші С.Еремеевтің «Шаған Чернобыль» емес деген көлемді мақаласы шықты.

Ол былай дейді: «1964-1965 жылдың кысында Атом көлінде жұмыс істеген үш жүз адамнан тірі қалғандары отызға жетер -жетпес».

Бұлар 1965 жылы 25 ақпанда Шаған өзенінің бойынан ең күшті ядролық жарлыс жасауға арнайы жіберілген Өскемен- Ертіс құрлыс басқармасының (П/Я-16) маман кадрлары болатын С. Еремеевтің жазғанына қарағанда, сол жарлысқа қатысқандардың саны 90 проценті өліп, қалғандары мүгедектік халге жеткен.

Бұл ядролық жарлыс болған жерге Саржал селосы 30-30 км-дей болса, Бәкіжандағы екі қыстақ небарі 6 км жерде.Осы қыстақта сол кезде тұрған адамдардың өздері түгел ұрпақтарынанешкім тірі қалған жоқ. Бәкіжан қыстағының сол кездегі бір шопаны Исабеков Елеуке қыстағына қарай келгенде қыстақтан 2-3 кмдөң үстіндегі блиндаж маңынан оңдаған салдаттардың өлігін көрген. Бір тобы Чурек қыстағындағы шопан Тілепалдин Сембектің қашып тығылған. Осының бәріне көзі жеткен адал жанды азамат Ермеев тек қана газеттерге жазып қоймай, ол Москваның бірнеше лауазымды адамдарына да шағынып көріпті. Геоэколгия жөніндегі маман, профессоа Е. Яковлев жарлыс болған жерде кездейсоқ сақталып қалған құжаттарды қарап отырып: «Сіздерде Черноорыс адамдар аз болмағн». Соның бірі бұрынғы Курчатов қаласының әкімі (Қалалық қеңес төрағаыс) Евгений Чайковский 1991 жылы 27 наурызда «Труд» газетіне полигон ьасты генерал- лейтенант Ильенконың жергілікті халықтарға жасап жатқан қианатын айтып, оны орнынан босатуды бірнеше жоғарға шенді армия басшыларңың алдына қойғандығын жазған болатын. Алайда Москва басшылары мен жоғарға шенді армия жер бетіндегі халықты жаппай қырып- жоятын қарулардың тағдырын адам тағдырынан артық санап,Чайковскийдің өтінішіне құлақ аспаған. Чайковскиймұнымен де тоқталған жоқ, ол «Московский новости» газетінің 1992 жылғы 4 қазанының нөмірінде Семей полигонын қамтитын аймақта 100 мың адам өліп,400 мың адам ауру –сырқауға жушар болып отырғанын дәлелде жазды.Осы зардапқа ұшырап отырғандар, сөзсіз Семей, Павладар, Қарағанды обылыстарының адамдарыекені айтпасада түсінікті.

Мен қырық жылдан астам ядролық жарлыстың эпицентіріне сынаққа қойылған Саржал халқының тірі жүрген тұрғындарының бірімін. Полигонның әлі де айтылмай, ашылмай жатқан «құпия»сырларын дай адамдар түгелі ғалымдардыңқөздері жетіп отырған жоқ. Бізідң жерде сынақтан өткізілген нейтрон, атом, химиялық, сутегі, биологиялық, тағы басқа бомбалардың тірі организмге әсер ету жолы әрқайсыныкі әр түрлі, Бә\із қазыр «түйенің танитыны жапрақ» деп, бір ғана рак, қан тамыры, сияқты аурулардан басқасын біле бермейміз. Жоғарғыдағы аталған бомбалардың жарлыс аймағында әлі де келер күнді күтіп жатқан, адамдарды жаңа бір апатқа душар ету қаупін жоққа шығаруға болмайды.Егер біз полигон апаты осымен бітті десек, онда экологиялық апат зардабын жете түсінбегеніміз болар еді. Қазақстаның барлық жері экологиялық қауыпты аймаққа айналып барады. Бұрынғы жер - жерде құрылған «Семей Невада» қоғамдық ұйымдары алдарына тек ядролық жарлыстарды тоқтатуды ғана мақсат етіп қойды да, полигонның артына тастап кеткекн сан ғасырлық зардаптарында ешкімнің жұмысы болмады. Қазіргі Саржал жерінің радиациялық қаупі күнен-күнге, жылдан жалға күшейе түскенін жүртшылық сезінуден қалып барады. Әлі де болса полигонның зиянсыздығын дәріптейтін генерал лейтенат Ильенконның қолдаушылары полигон жерінде адам денсаулығына зиянды элементтер (нуклиттер) жоқ дегенді дәлелдеп бағыда.

Олар халық арасында өлім- жетімді, генетикалықауытқуларды, емі табылмайтын, жанадан етік алып отырған ауруларды елеп ескеріп отырған жоқ. Полигон эпицентріне таяу орналасқан Семей, Павладар, Қарағанды облыстарының халқы полигон зардабын ерекше тартып отырған анық.Халықта: «ортанғы үйді өрт алса, шеткі үйге қауіп төнеді» деген аталы сөзді бұл облыстардың зиялы қаум өкілдері еске алғандары жөн. Ол үшін тағы бір ОЛЖАС керек.

Кабден Есенғарин





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет