1 тақырып. Басқару есебі туралы негізгі түсінік Шешім қабылдауға басқару есебінің рөлі. Басқару үрдісі (менеджмент). Басқару үрдісіндегі талдаушы - бухгалтердің рөлі. Кәсіби этика. Жауапкершілік орталығы (шығындар орталығы, пайда орталығы және инвестиция орталығы). Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі. Басқару есебі мен өндірістік есеп арасындағы байланыс.
2 тақырып. Шығындардың жіктелуі Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындардың сипаты, тұрақты және айнымалы шығындар, шартты - айнымалы және шартты - тұрақты шығындар, жинақталған шығындар және жоғары мен төмен мәндер әдісі, инженерлік әдіс және регрессиялық талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығындар, баламалы (жорамалдығы) шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығындар.
Жоспарлау және бақылау үшін шығындардың жіктелуі: іс жүзіндегі шығындармен салыстырғандағы нормативтік (стандартты) шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.