4
Қазақстан Республикасы білім
және ғылым Министрінің 2018
жылдың __________ №______
бұйрығына
Қосымша 2
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу
бағдарламасы.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Философия» жалпы білім беру
пәні бойынша жоғары және
(немесе) жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарына арналған типтік оқу
бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) 2007 жылдың 27
шілдесінде
қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-
бабының 5-2 тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын,
міндеттерін,
құрылымын, мазмұнын,
әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау
критерийлерін айқындайды.
2. Осы бағдарлама «Философия»
жалпы білім беру пәнінің
жаңартылған мазмұнын (әрі қарай – пән) зерттеуге,
студенттердің бойында
сананың ашықтығы, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру,
бәсекеге қабілеттілік,
реализм және прагматизм, сыни ойлау,
білімге
ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға, олардың әділдік, намыс, еркіндік және
тағы басқа дүниетанымдық ұғымдарды игеруіне, сонымен қатар, толеранттық
құндылықтарын, мәдениетаралық сұқбат пен бейбіт өмір сүру мәдениетін
нығайтуға және дамытуға бағытталған.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының
құрылымына сәйкес
әлеуметтік-саяси білім модулі бойынша оқу көлемі – 240 академиялық сағат
(8 академиялық кредит). Осы бағдарлама бойынша оқу көлемін ЖОО өзі
анықтайды.