Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет58/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Шөпті ору тәртібі. Орманды далалық және далалық аймақтардағы тың жерлерден, өзен алқаптарының қыраттанған биік жерлерінен ең алдымен боз шөпті бетеге, айрауық түрлі шөптер,ақмамықты шабады.
Екінші кезекте өзен алқаптарының орташа деңгейінде су қапталатын шалғындарынан, тыңайған жерлерден еркекшөп, бидайық, құрсақ, арпа, өлең, түлкі құйрықты сондай-ақ көпжылдық екпе шөптерді шауып алады.
Үшінші кезекте өзен алқаптарының шамалы деңгейде су қапталатын шалғындарының және терең жыралардың шөптерін сондай-ақ бір жылдық шөптерді шабады.
Шөпті шабу биіктігі пішеннің өніміне және сапасына, сондай-ақ шалғынның бұдан кейінгі өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Шөпті орғанда тиісті шамадан 1 см жоғары алудың өзі өнімнің 5-7 %-ның кем алуына әкеліп соқтырады.
Мысалы: Тыңайған жерлердің бидайығын 8 см биіктікте орғанда өнімнің үштен біріне жуығы кемиді. Биік алып орғанда пішеннің едәуір кем алынуымен қабат, оның сапасы да нашарлайды, өйткені көбінесе аласа өсетін шөптердің түбір жапырақтары кесілмей қалады.
Екпе шөптерді орудың үлгі биіктігі жер бетінен 3-4 см.
Табиғи шалғындарды, көпжылдық екпе шөптерді далалық аймақта 4-6 см, өткен жылы орылмаған учаскелерде, сондай-ақ шөбі сирек өсетін далалық аймақта 4-8 см, екпе шөптерді екінші рет орғанда 6-7 см, көпжылдық екпе шөптерді алғашқы жылында 10-12 см, тұқымға арналған көпжылдық шөптерді 8-9 см биіктікте шабады.
Пішеннің азықтық жұғымдылығы оның ботаникалық құрамына да байланысты. Мысалы, бұршақ тұқымдас пішендердің құрамы астық тұқымдастарға қарағанда протеин мен кальцийге ал астық тұқымдастар қантқа бай келеді.
Пішеннің сапасы шөптің қандай әдіспен, қанша уақыт ішінде кептірілгеніне де байланысты. Тым құрғатпау керек.
Көптеген жағдайларда шөптің неғұрлым біркелкі кебуін қамтамасыз ететін тиімді тәсіл аударыстыру. Пішенді шабындықта кептіргенде құрғақ зат шығыны 22 %, азық өлшемі 42, қорытылатын протеин -34 %-ға жетеді. Ал жауын – шашынға ұшыраса бұл шығын бұдан да арта түседі. Шабылған шөпті ылғалдылығы 35 % күйінде дестеге түсіріліп, одан әрі қопсытпай-ақ кептірсе оның бойындағы витаминдері жақсырақ сақталады. Ылғалдылығы 18%-ға деін кептірілген пішен сарайда, қалқан бастырмада, немесе тайланған түрінде жиналып сақталады. Шөмеледе, маяда сақталған пішеннің бір бөлігі бұзылып кетеді.
Пішеннің сапасы негізінде органолептикалық тәсілмен және лабораториялық тәжірибе жүргізу арқылы анықталады. Органолептикалық тәсілмен анықталғанда олардың түсіне, иісіне, ботаникалық құрамына қарайды. Пішеннің түсі таза жасыл, хош иісті болуы тиіс. Пішеннің иісін дұрыс анықтау үшін 50-100 г ұсақталған пішенді стақанға салып үстіне 1 л қайнаған су құйып жауып қояды. 2-3 минут өткеннен кейін иісін анықтайды, егер пішен шіріген болса, оның борсыған иісі анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет