Кең ауқымды оқу бағдарламасы
335
жиһазына, сауда орындарына, тұрғын үй кешендеріне, тері кремдеріне,
жармаларға, шоколадқа, автомобильдер мен көпірлерге қарап шабыт
-
тануға болады. Лондон «Корнишонын»
жобалаған әйгілі Сэр Норман
Фостер 1930–1940 жылдары балалық шағында жұмысшы таптан шық
-
қан бала ретінде Манчестердегі үйінің террассасының жанынан өтетін
пойыздарға қарап таңғалған. Арнайы жабдықталған орта – балалар
-
дың конструкцияларға қарап, оны құрайтын материалдар, компонент
-
тер, тетіктер мен басқару жүйелерінің қалай және неге олай жасалға
-
нын анықтауға қызығушылығын оятудың негізгі кілті.
Балалардың көпшілігі белгілі бір
затты жобалағанды және жаса
-
ғанды ұнатады (8.1-сурет), сондай-ақ өз бетімен еркін жұмыс істеуді
қалайды. Дизайн мен технологияның
табиғатын анықтау оңай емес,
дегенмен білім беруде бұл «оқушыларға идеялармен күресуге, шығар
-
машылық шешім шығаруға мүмкіндік беретін проблемаларды шешу
әрекеті» ретінде қарастырылады (Hope, 2006: 11). Бұл пәнді оқытуда
озық болу үшін пән туралы нақты түсінік болуы керек. Өкінішке қарай,
мұғалімдердің көпшілігі ДТ-ны модельдер жасаумен шектейді. Соны
-
мен қатар кез келген басқа базалық пәнге қарағанда негізгі пәндерді
оқытуға баса ден қоюдан, мұғалімдердің өзіне сенімі мен ноу-хаудың
болмауынан, сондай-ақ дайындық пен білім беру зерттеулерінің жет
-
кіліксіздігінен зардап шекті. OFSTED (2011D)
оқушылардың электро
-
ника, басқару жүйелері және компьютерлік қосымшалар туралы білімі
мен түсінігін жобалау мен өндіруде пайдалану үшін ДT-ның оқу бағдар
-
ламасын жаңарту қажет екенін мойындайды.
Балаларға бұйымдардың қалай жасалатынын білуге жағдай жасау
қажет. Мысалы, оқушылар мұғалім құрастырған шырағданды зерт
-
теу үшін
оны бөлшектейді, әр бөлігінің қызметін анықтайды,
өздері
шырағдан құрастыруды бастамас бұрын олардың өзара әрекеттесуін
анықтайды. Сондықтан шебер мұғалім дизайн бойынша тапсырма да
-
йындағанда оқушыларды дайын нәрсені
қайта көшіріп шығуға емес,
тың дүние жасап шығуға бағыттайды (OFSTED, 2002). Дизайн және
технология процесі талдау, мәселелерді шешу, ынтымақтастық, прак
-
тикалық потенциал
және бағалау дағдыларын қамтиды, олардың бар
-
лығы басқа контекске ауыса алады (Tickle, 1996). OFSTED (2000) мәлі
-
меттеріне қарағанда, стандарттар жоғары болған жағдайда оқушылар
әртүрлі материалдар мен компоненттерден сапалы бұйымдар жасауда
жетістікке жетіп, өз білімі мен дағдыларын шығармашылықта қолда
-
на алады. Олар өнімдерді сынау және тиісті өзгерістер енгізу арқылы
оның қалай жұмыс істейтінін бағалай алады.
ДT сабақтарын жоспарлауға қатысты
негізгі қиындықтардың
бірі – оқушы алдымен өз идеясын тудырады, содан кейін оның дизай
-
нын жасайды және соңында дайын өнімді бағалайды деген болжам.