Ширату
өнері
548
13.11-ҚОСЫМША.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: БАҒАЛАУ
Жас ерекшелігіне қарай тапсырма мен күтілетін нәтижені нақтылау – үкі-
мет үшін таныс тәжірибе. Жапония, Оңтүстік Корея,
Жаңа Зеландия және
Испания сияқты бірқатар елдер сыртқы бақылауды шектеп, барлық оқушы-
ны бағалаудан гөрі іріктелген оқушылардың ғана қатысуымен өткізуді та-
лап етеді. Көптеген мемлекетте жазу мен санау міндетті бағалауға жатады:
Аустралия, Канада, Франция, Мажарстан, Жапония, Корея, Жаңа Зеландия
және Испания. Мектептің нәтижелерін рейтинг үлгісінде ақпарат құралда-
рында жариялау, санаулы ғана мемлекеттерде кездеседі.
Хал мен Өзерктің
(2008) 22 елдің бағалау жүйесіне жасаған шолуы Ағылшын бағалау жүйесі
халықаралық білім беру жүйесіндегі ең интрузивті және кешенді жүйе деген
қорытынды шығарды.
Солтүстік Ирландия Деңгейлік прогрестің орнына білім мен та
-
нымға, әсіресе дағдыларға көп басымдық беретін «жетістік» деңгейін
енгізді. Олар ұмтылған нәтиже барынша күрделі болады. 4 және 7-сы
-
ныптарда мұғалімдер ата-аналарға математика, коммуникация және
информатикамен қатар сандық білім туралы мәлімет беруге міндетті.
Бұған мұғалімдердің оқу бағдарламасы, емтихан және бағалау кеңесі
-
нің сыртқы тексерулері мен белгіленген ішкі талаптарын орындау жа
-
тады. KS1 (4-сынып) соңында оқушылардан 2-деңгейге, ал KS2 (7-сы
-
нып) оқушыларынан 4-деңгейге жету талап етіледі. Әр деңгейден соң
оқушылардан кем дегенде бір саты жоғарылау күтіледі.
Ерте балалық шақтағы бағалау
Соңғы жылдары кішкентай балаларды бағалау жүйесі
даулы мә
-
селеге айналды. Халықаралық зертеу 3–4 жастағы балаларға ресми
бағалауды қолданатын бірнеше мемлекеттің тәжірибесі оның едәуір
қауіпті және тым ерте екенін көрсетіп отыр (Bertram and Pascal, 2002).
Керісінше, көпшілік мұғалімдер мен қамқоршыларының оқушылар
-
ға баға қоюда қазіргі бағалауды қолданғанын қалайды. Баға арқылы
кішкентай балалардың үлгерімін бағамдау идеясы мен осы бағамдау
-
ды мұғалімнің көрсеткішінде негізге алу мәселелері туындатып отыр
(Edgington, 2004). Мектепке дайындық тобын бітірген балалардың
ішінде жазда туғандар 4 жаста ғана болса, ал қыркүйекте туғандар
6 жас шамасында болады. Мұндай маңызды жас айырмашылығы бар
балалардан стандартты нәтижелерді күту мүмкін емес.
Ширату өнері
549
Англияның Балалар және отбасымен жұмыс министрлігі мұндай
жастағы балаларға бағалау жүргізу үшін мұғалімдерге арнап
Ерте
жастағы мектепке дайындық тобына
көмекші құрал шығарды (DCSF,
2007b). 2012 жылы қағазбастылықты азайту және бағалау мен есепті
-
лік жұмыстарын оңтайландыруға бағытталған құжат таныстырылды.
Мамандардан 2–3 жас аралығындағы балалардың дамуына шолу жүр
-
гізіп, ата-анасы/қамқоршысына балаларының дамуы туралы қысқа
жазбаша мәлімет беру талап етіледі. Олар: қарым-қатынас пен тіл, фи
-
зикалық даму, жеке, әлеуметтік және эмоциялық даму. Мамандар ба
-
ланың дамыған тұсын көрсететін және көп жұмыс істеуді талап ететін,
керек әлсіз тұстары туралы қосымша ақпарат бере алады. Баланың үл
-
герімін тексеру оның ата-анасымен бірге қарастырылады. Бала 5 жасқа
толғанда
Достарыңызбен бөлісу: