Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



бет102/102
Дата09.03.2022
өлшемі3,73 Mb.
#134697
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
madeniettanu paninin oku-adistemelik kesheni 2021-2022 zh.zh. (1)
ООТ 6-лекция
-Реферат, баяндама. Студент семинар бойына 1-2 реферат тақырыбын алып, материалдар жинақтап,семинар сабағы үстінде қорғай білуі керек. Уақытында рефератты қорғай алмағандар баллы төмендетіледі.
-Сабаққа қатысу: Әрбір сабаққа қатысуы балмен есептеледі.
Сәйкесінше сабаққа қатыспауы-0.
-Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) -20 б.
Жазбаша жұмысты бағалау белгілері:
-өзектілігі; таңдалған тақырыпқа сәйкестілігі; әдебиеттерге, зерттеулерге сілтеме
-талдаудың кең ауқымдылығы; мазмұндау стилі; көрнекілігі
- Консультациялық жұмыс: Оқытушының студенттерімен өзіндік консультация уақыты кесте бойынша өткізіледі.Бұл уақыттарды пайдалана отырып, оқытушы лекциялық және практикалық сабақтарда өтілетін тапсырмаларды тереңдетіп түсіндіруге және консультация уақытында әрбір студенттен берілген тапсырмаларды сұрауға құқығы бар.
-Сабақ үстіндегі белсенділік: Білім алушының жұмыстың әрбір түріне қатысу белсенділігі, берілген тапсырманы сапалы орындауы ескеріледі. Студенттердің дәрісханадағы әртүрлі жұмыстары сабақтағы белсенділігінің ұстанымы бойынша бағаланады.
-Топтық презентация ережелері: Семестр бойынша оқу топтары шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топ оқулықтың тарауындағы және сөз таптары бойынша тыңдаған бір материалды сызба, кесте, сурет немесе т.б. өзіндік жұмыс тапсырмалары бойынша реферат түрінде конспектілеп, ауызша баяндау түрінде жүргізіледі. Белсенділік көрсеткен студенттерге баға қойылады.
Студенттер жалпы курс бойынша материалдардың логикалық схема, ой-тұжырымдар жасау, проблемалық әдістерді пайдалану және т.б. түрінде өз қалаулары бойынша ұсына білуі керек. Оқытушы студенттерге тапсырмаларды бөліп береді. Материалдардың презентациясы кестеге сәйкес көрсетілген аптада болады. Топтағы әрбір қатысушының белсендігіне қосқан үлесіне сәйкес бағаланады.
-Зерттеу жұмысы: Зерттеу жұмысы жасалынған жеке жоспар бойынша зерттеудің өзіндік мақсатына сай және дара орындалады.Жеке жұмыстың мазмұны мен көркемділігіне төмендегідей талаптар қойылады:
1. Зерттеу жұмысын орындаудың міндетті шарты тәжірибелік материалдарды пайдалану;
2. Зерттеу жұмысының мазмұны оның жоспарына сай болып, тақырыптың мәнін ашуы қажет;
3. Бірінші тарау зерттеудің негіздемесін айқындауға арналған теориялық мазмұнды болуы қажет. Онда проблема, мақсаты мен міндеті және зерттеудің әдістемесі айқындаудалуы қажет. Теориялық сұрақтарды баяндау әдебиеттерге шолу сипатында болады. Мәні және көлемі жөнінен негізгі болып табылатын екінші тәжірибелік бөлімде зерттеуге талдау жасалынып, баға беріледі. Үшінші бөлімде ұсыныстар мен қорытынды пікірлер жазылады:
1. Зерттеу жұмысында кесте, сызба диаграммалар қолданылады.
2. Алғашқы бетіне оқу орнының атауы, тақырыбы, студенттің аты-жөні, оқытушының аты-жөні, оқу тобы және тапсыру мерзімі жазылады (жылы).
3. Зерттеу жұмысы сауатты, таза, анық жазылуы тиіс.
4. Зерттеу жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілуі қажет.
5. Зерттеу жұмысы белгіленген мерзімде орындалып, өткізілуі тиіс.
6. Кешіктірілген зерттеу жұмысының бағасы төмендетіледі
7. Сапасыз зерттеу жұмысын орындау есепке алынбайды.
8. Зерттеу жұмысында міндетті түрде сілтемелер көрсетілуі қажет.
-Курс бойынша кешенді материалдар жинағы: Курс бойынша материалдар (лекция, семинар конспектілері, арнайы тақырыптарға арналған материалдар мен деректер көшірмелері) бағаланады. Барлық курс барысында өткізілген материалдар жинағының көлемі бағаланады. Сонымен қатар, материалдардың сыртқы көрінісі мен безендірілуі ескеріледі. Курс бойынша материалдар кешеніне балл қойылады.
- Сабаққа қатысу үлгірімі: Әрбір сабаққа қатысқаныңа балл қосылады, сабақтан қалғаны үшін «0» балл қойылады.
- Аралық және қорытынды тест: Белгіленген аралық және қорытынды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет