Жалпыадамзаттық құндылықтар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының негізі ретінде
ЖОСПАР:
1. Тұлға құндылықтарының иерархиясы.
2. Тұлға құндылықтары жүйесінің жіктемесі.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау – қайырымдылықтардың көріну жолы.
Құндылықтарды зерттейтін ғылым «аксиология» деп аталады. Аксиология (грекше axios – құнды, logos – ілім) – құндылықтардың табиғаты,олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.

Құндылықтар – қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде дамиды.
Құндылықтар – қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде дамиды.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды, атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың басқа құндылықтардан (ұлттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, діни құндылықтар, саяси құндылықтар, әлеуметтік құндылықтар; моральдық құндылықтар; эстетикалық құндылықтар және т.б.) ерекшелігі – ол ұлттық, саяси, діни және басқа да танымдарға тәуелсіз, бүкіладамзатқа ортақ мүддені көздейді және де, осы тұрғыдан алғанда, жалпы адамзат өркениетінің күретамыры болып табылады.

Құндылық маңыздылық деңгейіне байланысты:
Адам үшін маңыздылық деңгейі өте жоғары негізі (жаһандық құндылықтар) ақиқат, ізгілік, әсемдік.
Жинақтық деңгейі жағдайға байланысты құндылықтар да (өміріңіздегі мәнді оқиғалар, қызық мақала, баланың алғашқы қадамы, т.б.) маңызды.
Ресейлік ғалымдар Т.И. Петракова мен Т.И. Власовалар ұсынған құндылықтар жүйесіне тоқталсақ, оларға:
– табиғи құндылықтар – бұл адам- ның табиғи күйі, жан дүниесінің қабілеті, яғни ақыл-ой, сезімі, күш-жігері;
– жүре пайда болатын құндылықтар – әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық;
– абсолюттік жалпыадамзат-
тық құндылықтар – уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – адамның ішкі жан- дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. Осы негізде ішкі үйлесімділікке әсер ететін жалпыадамзаттық құндылықтарға:
ақиқат – зияткерлік аспект, сүйіспеншілік – адамгершілік аспект, дұрыс әрекет – физикалық аспект, тыныштық – эмоциялық аспект, қиянат жасамау – рухани аспектіге жатады.
Заманауи өзін-өзі тану – адамның бойына тумысынан салынған мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды аша отырып, оны адамгершілік қасиеттер арқылы жарыққа шығарады. Адамгершілік адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.
Назарларыңызға рақмет!