Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы



Дата06.07.2018
өлшемі159 Kb.
#47570

Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы

  • «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті,
  • педагогикалық өтілі 11 жыл
  • «Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер» пәні
  • 070700–«Тау кен ісі» мамандығының студенттеріне арналған
  • Курс көлемі: 3 кредит

Курстың аңдатпасы

  • Курстың аңдатпасы
  • Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер пәні бойынша 5В070700– Тау кен ісі студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) студенттердің курсты өзіндік оқу үшін көмек ретінде арналған. ОӘК мазмұны ҚР МЖБС, мамандықтың квалификациялық сипатына, типтік оқу жоспарына сай орындалған және оның құрамына оқу жоспары (Syllabus), дәрістің қысқа жазбасы, тәжірибелік сабақтар, глоссари, студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік және оқу-практикалық материалдары кіреді.
  • ОӘК студенттердің оқу білім және творчествалық талаптарын, студенттердің өзіндік жұмыстарын және аудиториялық және аудиториядан тыс уақыттарындағы ұйымдастыру жұмыстарына деген талпынысқа жориды.
  • Пәнді оқыту мақсаты
  • 5В070700–«Тау-кен ісі» мамандығы студенттеріне арналған «Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер» пәнін оқытудың мақсаты карьердегі өндірістік процестердің мәні және оларды есептеуді түсіндіру. Бұл кезде пәннің ғылыми және әдістемелік негізі болып тау-кен жұмыстарының объектілері мен тау жыныстарындағы барлық өндірістік процестерді оқыту табылады. Сол себепті пәнді оқыту кезінде әр бір технологиялық процесс жыныстардың кен техникалық (сандық) және физика-технологиялық сипаттамалары негізінде қарастырылады.
  • «Кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері» пәнін оқытудың міндеті мамандықтың квалификациялық сипаттамаларынын туындайды.
  • Студент «Кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері» пәнін оқығанда жоғарғы білімнің мемлекеттік талаптарына сай мыналарды біліп шығуы тиіс:
  • тау жыныстарының физика-техникалық қасиеттерін, олардың технологиялық сипаттамаларымен байланысын;
  • тау жыныстарын қазуға дайындаудың техникасы мен технологиясын;
  • қазу тиеу жұмыстарының техникасы мен технологиясын; 
  • карьер жүктерін тасымалдау мен жыныстарды үйінділеу техникасы мен технологиясын;
  • процестердің технологиялық параметрлерінің жыныстардың қасиеттерімен тау-кен және көліктік жабдықтарының параметрлерімен байланысын;
  • ашық кен жұмыстарының технологиялық процестерін жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін;
  • жеке технологиялық процестер арасындағы өзара байланысты;
  • негізгі нормативтік құжаттарды, карьердегі регламенттелген кен жұмыстарын жүргізуді;
  • кен жұмыстарының экологиялық салдары және олардың қоршаған ортаға әсерін.
  • Пәнді оқып болғаннан кейін студент білуі керек:
    • жыныстардың қасиеттері мен жағдайларына байланысты оларды қазудың дұрыс жолын, кен және тасымалдау аспаптардың түрін таңдауды;
    • процестердің технологиялық параметрлерін және режимін таңдауды;
    • процестердің, аспаптардың өнімділігін есептеу;
    • кен жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттарды дайындауды (бұрғылау-аттыру жұмыстарының паспортарын, қазу-тиеу жұмыстарының технологиялық схемаларын және т.б.);
    • техникалық өндіру және қауіпсіздік ережелер талаптарына сай негізгі және қосымша процестерді орындауын ұымдастыруды.

Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері

  • Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
  • Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
  • «Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
  • оқытудың мазмұнды бөлігі:
  • оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
  • оқу материалының мазмұны;
  • оқу процесін ұйымдастыру;
  • студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
  • оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
  • материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
  • оқу процесін талдау.

Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері кезіндегі барлық өндірістік және қосымша процесстерін және оларды басқару бағытын жетілдіруге бағытталған.

  • Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, кен және көмір карьерлеріндегі ашық кен жұмыстарының процесстері кезіндегі барлық өндірістік және қосымша процесстерін және оларды басқару бағытын жетілдіруге бағытталған.
  • Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
  • Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
  • Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

  • Дәрістердің тақырыптық жоспары
  • Кіріспе. Пәннің мазмұны, мақсаты. Ашық кен жұмыстарының терминдері мен түсініктері. Тау жыныстарының технологиялық қасиеттері. Негізгі өндірістік процестер
  • Тау жыныстарын қазуға дайындау әдістері
  • Жартасты және жартылай жартасты жыныстарды аттыру арқылы қазуға дайындау
  • Бұрғылау жұмыстарының технологиясы
  • Ұңғылық зарядтарды орналастыру және аттыру тәртібі
  • Тау жыныстарын роторлы экскаваторлармен қазу
  • Тау жыныстарын драглайндармен қазу
  • Тау жыныстарын механикалық күректермен қазу
  • Тау жыныстарын скреперлермен, бульдозерлермен, шөмішті тиегіштермен қазу
  • Кен жыныстар қоспасын конвейер көліктерімен тасымалдау
  • Кен жыныстар қоспасын темір жол көлігімен тасымалдау
  • Кен жыныстар қоспасын автомобиль көлігімен тасымалдау
  • Темір жол көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
  • Автомобиль және конвейер көлігі кезінде аршыма жыныстарды үйінділеу технологиясы
  • Ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру және экологиялық проблемалар

Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)

  • Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
  • «Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер» курсы бойынша студенттердің алған теориялық білімдері нақты жағдайларда тау-кен техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
  • Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
    • жыныстардың қасиеттері мен жағдайларына байланысты оларды қазудың дұрыс жолын, кен және тасымалдау аспаптардың түрін таңдауды;
    • процестердің технологиялық параметрлерін және режимін таңдауды;
    • кен жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құжаттарды дайындауды (бұрғылау-аттыру жұмыстарының паспортарын, қазу-тиеу жұмыстарының технологиялық схемаларын және т.б.);
    • техникалық өндіру және қауіпсіздік ережелер талаптарына сай негізгі және қосымша процестерді орындауын ұымдастыруды.
    • Студент міндетті:
    • сабақ кестесіне сай дәрістер мен лабораториялық сабақтарға, сонымен қатар аудиториядағы оқытушының жетекшілігімен өздік жұмыстар сағаттарына толығымен қатысуға;
    • пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік графигіне сәйкес орындалған жұмыстардың есебін уақытында тапсыруға;
    • себепті жағдайлармен босатылған сабақтарды тьютордың ұсынысымен сабақтан тыс уақытта қосымша кесте бойынша қайта тапсыруға;
    • себепсіз жағдайлармен босатылған сабақтарды тьютордың ұсынысымен сабақтан тыс уақытта қосымша кесте бойынша төлем ақыдан кейін қайта тапсыруға.

Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Құрылыс тау жыныстары карьерлеріндегі өндірістік процестер» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 3 семестрде емтихан.

  • Нұсқа №
  • Қорытынды бақылау түрі
  • Бақылау түрлері
  • %
  • 1
  • Емтихан
  • 100
  • Аралық бақылау
  • 100
  • Ағымды бақылау
  • 100
  • Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.

Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл.

  • Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы - «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының доценті, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 11 жыл.
  • Құттыбаев Айдар Ермекқалиұлы - 2005 – 2016 жж. ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ 9 фундаменталды және қолданбалы ҒЗЖ белсене қатысады.
  • Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 9 ғылыми мақала, 4 әдістемелік нұсқау, 5 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.
  • 2006-2007 жылы «Жас лекторлар мектебі» курсына аяқтады.
  • 2009 жылдың қаңтарында «Gemcom Surpac v.6.1» интеграцияланған тау-кен геологиялық жүйесінің тау-кен модулі бойынша базалық оқу курсынан өтті
  • (сертификат 26.01.2009ж., Gemcom Surpac. Geology and Mine Planning).
  • 2009 жылдың сәуір айында «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №41 04.04.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
  • 2009 жылдың мамыр айында «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты
  • (сертификат №79, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
  • А.Е.Құттыбаевтың жетекшілігімен 2004-2015 жылдар аралығында 25-ке тарта дипломдық жобалар қорғалды және олардың нәтижелері жоғары балдарды көрсетті. Дипломдық жобалармен университетің кітапханасында танысуға болады.

Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің

  • Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
  • орташа балы жөніндегі ақпарат
  • Студентке қойылатын талаптар:
  • 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
  • 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
  • 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
  • 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
  • Академиялық этика нормалары:
  • тәртіп;
  • мейірімділік;
  • шыншылдық;
  • жауапкершілік;
  • мәдениеттілік.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет