БАҒдарламасы «Экологиялық химия»


Дәріс 5. Тақырып: АТМОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ



бет7/12
Дата02.02.2018
өлшемі0,79 Mb.
#37406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс 5.

Тақырып: АТМОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ


Дәрістің мақсаты: атмосфераның химиялық құрамы мен ластану көздерімен; атмосфераның химиялық компоненттеріне сипаттама беру, ауа тозаңының химиялық құрамымен таныстыру

Тірек сөздер: атмосфера, тропосфера, стратосфера, мезосфера, ионосфера, экзосфера; азот оксидтері, күкүрт оксидтері, көміртек оксидтері, метан, ауа тозаңы

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Атмосфераның құрылымы

  2. Атмосфераның химиялық құрамы

  3. Атмосфераны ластау көздері

  4. Атмосфераның химиялық компоненттері: азот оксидтері, күкүрт оксидтері, көміртек оксидтері, метан

  5. Атмосфераның ауа тозаңы, оның химиялық құрамы

  6. Атмосферадағы химиялық реакциялар және оның қорғаныштық қасиеттері

  7. Қазақстан территориясының атмосфера ластануы

Жер бетіндегі атмосфера негізінен, 78,08  азоттан, 20,29  оттектен, 0,93  аргоннан, 0,2-2,6  су буынан ж/е 0,03  көмірқышқыл газынан тұрады. Әдетте тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера және ионосфера /термосфера/ болып бөлінеді. Биосфераға жерастылық ж/е жерүстілік тропосфера кіреді. Атмосфера мен жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Бұл ауа массасының айналысымен бірге климат түзетін негізгі процестерге әсерін тигізеді. Атмосфера планетамыздағы тіршіліктің дамуында маңызды рөл атқарады.

Атмосфералық ластану – табиғи ж/е антропогендік факторлардың әсерінен атм-ра ауасына түсетін н/е оңда түзілетін физика-химиялық агенттер мен заттектер. А. ластанудың табиғи көздеріне жанартаудың атқылауы, шаңды борандар, ормандағы өрт, желге мүжілу, тірі организмдердің іріп-шіру процестері жатады.

Ауа тозаңы атмосфераның химиялық ластануының қауіпті элементі болып табылады. Біздің планетамызды қорғайтын негізінен атмосфераның екі жоғарғы қабаты: мезосфера ж/е стратосфера.

Негізгі қорғаныштық қызметтері түрлі химиялық реакцияларымен анықталады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Атмосфераның құрылымы мен химиялық құрамы қандай?

  2. Атмосфераны ластау көздері айтып берініз

  3. Атмосфераның негізгі химиялық компоненттеріне сипаттама беріңіз

  4. Атмосфераның ауа тозаңы деген не? Оның химиялық құрамы қандай?

  5. Атмосферадағы химиялық реакциялардың қорғаныштық қасиеттері қандай?

  6. Қазақстан территориясының атмосфера ластануына сипаттама беріңіз

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 2, 4, 8/.

Дәріс 6.

Тақырып: КӨШЕТХАНА ЭФФЕКТІСІ. ОЗОН ҚАБАТЫ


Дәрістің мақсаты: көшетхана эффектісіне сипаттама беру; озон қабатының ролімен таныстыру

Тірек сөздер: көшетхана эффектісі; озон қабаты, озоносфера

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Көшетхана эффектісіне жалпы сипаттама

  2. Көшетхана эффектісін тудыратын газдар

  3. Көшетхана эффектісінің ролі

  4. Стратосфералық озон

  5. Стратосфералық озонның бұзылуының каталитикалық циклдері

  6. Фреондардын химиясы, атмосфераға түсу жолдары

  7. Озон қабатын сақтау жолдары

Көшетхана эффектісі - атмосферада антропогендік қоспалардың /СО2, СН4, О3, азот оксиді, фреон/ концентрацияларының артуы салдарынан біздің планетамызда климаттың біртіндеп жылынуы. Көшетхана газдары күн сәулесін өткізіп, жер бетінен ұзын толқынды жылулық сәуле шығуына кедергі келтіреді. Бұл сіңірілген жылулық сәулеленудің бір бөлігі қайтадан жер бетіне шағылысып, көшетхана эффектісін тудырады.

Озон қабаты /озоносфера/ - озон көп мөлшерде болатын стратосферадағы /10-50 км биіктіктегі/ қабат. 20-25 км биіктікте озонның концентрациясы жер бетіне қарағанда 10 есе көп болады.

Озон қабаты барлық тірі организмдерге әсер ететін ғарыштық сәулеленудің /оның ішінде ультракүлгін радиация бар/ едәуір мөлшерін тұтып қалады. Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы /озон тесігінің пайда болуы/ биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Озон қабатының күйі жер бетіндегі озонометр станциялары арқылы өлшеніп тіркеліп отырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Көшетхана эффектісіне жалпы сипаттама беріңіз

  2. Көшетхана эффектісін тудыратын газдар туралы айтып беріңіз

  3. Көшетхана эффектісінің ролі қандай?

  4. Озон қабатының қорғаныштық қызметтері неде?

  5. Стратосфералық озонның бұзылуының негізгі циклдерін айтып беріңіз

  6. Озон қабатын сақтайтын қандай жолдары бар?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /1, 24/.

Дәріс 7.

Тақырып: ҚЫШҚЫЛДЫҚ ЖАУЫНДАР. ТҰМША


Дәрістің мақсаты: қышқылдық жауындарға сипаттама беру; тұмша туралы түсінік беру

Тірек сөздер: қышқылдық жауындар; тұмша, мұздық тұмша, “лондондық” тұмша, “лос-анджелесстік” тұмша

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

  1. Қышқылдық жауындар туралы түсінік

  2. Қышқылдық жауындарды түзетін атмосферадағы химиялық реакциялар

  3. Қышқылдық жауындардың әсері

  4. Тұмша туралы түсінік

  5. Тұмша түрлері

  6. Тұмшаның әсері

Қышқылдық жауындар түзілудің басты себебі – атмосфера құрамында күкүрт пен азоттың және көміртегінің диоксидтерінің болуы. Атомсферадағы болатын химиялық реакциялар нәтижесінде бұл диоксидтер азот, күкүрт және көміртегі қышқылдарына айналады.

Тұмша - қалың тұманның тамшылары мен тозаңды бөлшектерінің үйлесуімен сипатталатын атмосфералық ауаның қауіпті ластануы. Қарқынды тұмша өсімдікке теріс әсерін тигізеді, имараттардың, сәулет ескерткіштерінің бұзылуына себепші болады, адамдарға әр түрлі аурулар /тұншығу, бронх демікпесінің ұстамасы, аллергия ж/е т.б./ тудырады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қышқылдық жауындарға сипаттама беріңіз

  2. Қышқылдық жауындарды түзетін атмосферадағы химиялық реакциялар қандай?

  3. Қышқылдық жауындардың экожүйелер мен адамға тигізетін әсері қандай?

  4. Тұмша туралы түсінік беріңіз

  5. Тұмшаның түрлері қандай болады?

  6. Тұмшаның экожүйелер мен адамға әсері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: /3, 19, 24/.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет