Қолдану. Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді: заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолдану; жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолдану.Етістіктері: көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу.
Талдау. Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігі: бүтінді бөліктерге бөлу;олардың арасындағы өзара байланысты анықтау;бүтіннің түзілу принципін анықтау;пікір айтқанда кемшілік пен қателікті көру;факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтау. Етістіктері: ажырату,саралау,даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу.