57. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану мақсаттарын түсіндіріңіз.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет? бір қалыптылықты пайдаланбау; деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру; баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту; әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру; жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру. Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Қорыта келе, АКТ - ны пайдалану маған не берді? Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді; оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді; АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды; оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты. АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды; Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді; Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі; Тіл байлығын жетілдірді; Жан - жақты ізденушілігін арттырды; Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |