екінші өлшемі
тапсырмаға бағытталған, ол оқушының өз мақсаты мен тап-
сырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тап-
сырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салысты-
ратынын көрсетеді.
Сондай-ақ,
үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті
білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды. Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы
анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен тапсырманы орындау жоспарын
құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы
түрдегі тиімділігі бағаланып, оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді. Оқушылардың таңдауы
мүмкін тәсілдерінің біреуі – басқалардың білім аясы кеңірек болуы мүмкін деген жеке
көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.
Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты
қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін
үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен
оқудың арасында байланыс бар.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға алу мен оны жүргізу бары-
сында оларға дербестік беруге баса назар аударады.