жақтаушылары болды, өйткені оқу мен жазу адамға өмірдің мағынасын және сұлулығын, сонымен қатар, өзінің өмір жолын түсінуге мүмкіндік беретін құрал.
Люси Колкинс
Мақсат: Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.
№1 Модуль.
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР:
Қалай оқу керектігін үйрену;
Мұғалім қалай оқу керектігін үйретеді.
Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.
педагогикалық тетіктер деп мыналарды атап өтуге болады: • оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау; • жүйелі ойлануға үйрету; • өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану
жолдарын зерттеу және анықтау; • оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; • тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы; • сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін
оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу, үшіноқушылар қалай оқу керектігін білулері керек.